News

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 10 млн теңге, қаладағы медициналық мекемелерге орналасқан дәрігерлерге 5 млн теңге көлемінде жәрдемақы беруді жоспарлап отыр. Басқарма басшысы Жансеңгіров Арман Серікұлы биылғы жылы 70 маманға жәрдемақы беру қарастырылғанын айтты.

-Бүгінгі күні Жетісу облысына 186 маман қажет. Бірақ биылғы жылы арнайы комиссияның шешімімен бекітілген аса тапшы 70 бейінді маманға яғни, ауылға жұмысқа орналасқан жас маманға 10 млн теңге, қалаға жұмысқа орналасқан маманға 5 млн теңге беруді жоспарлап отырмыз. Жәрдемақыға үш ай сынақтан өткеннен кейін қол жеткізе алады. Сынақ мерзімі аяқталған соң мекеме басшысының ұсынысын денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен құрылған арнайы комиссия қарастырады. Комиссияның шешімінен кейін үміткерге жәрдемақы берілетін болады. Қай аудандарға қандай бейінді мамандар қажет екені туралы толық ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының сайтынан көруге болады, — деді басқарма басшысы.
Облысқа қажетті мамандар қатарында анестезиолог- реаниматолог (12), акушер гинеколог (13), жалпы тәжірибелі дәрігер (21), невролог (7), хирург (4), гематолог (1), патологоанатолог (1), травматолог (9), фтизиатр (1), жақ-бет хирургі (1) бар.
Айта кетсек, Денсаулық сақтау басқармасы жас мамандардың біліктіліктерін арттыру курстарын жиі ұйымдастырады. Өткен жылы 600-ден астам медицина қызметкері білімдерін жетілдіру курстарынан өтті.
Сонымен қатар мамандарды жергілікті әкімдік грантымен оқыту қарастырылған. 2023-2024 оқу жылында 45 резидент-дәрігер әкімдік грантын иеленді.

Бүгінгі күні Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарда 2000 мыңға жуық дәрігер жұмыс істейді.

Shares:

Related Posts

News

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және
News

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы Әміре Әрін референдумда Талдықорған қаласының 397-ші сайлау учаскесіне барып дауыс берді.  “Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық
News

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы
News

Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне алты айда 2 мыңнан астам өтінім түскен

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2024 жылдың  1-жартыжылдығында 33 аудиторлық іс-шара өткізілді. Бұл туралы баспсөз-мәслихатында департамент басшысы Нариман Ботанов айтты. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *