Жетісу облысыҚоғам

Жаңа мүмкіндіктер: Жетісу облысында «Мың бала» жобасы қайта басталды

10 ақпан мен 10 наурыз аралығында облыста «Мың бала» жобасына өтінім беру жүзеге асты. Нәтижесінде өңір бойынша 4884 оқушы жобаға қатысуға ниет білдірген. Ұлттық олимпиада тек 6 сынып оқушыларына арналған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов пен «Жетісу дарыны» орталығының директоры Сандуғаш Жұмагелдина айтып берді.
Биыл ауыл оқушыларына арналған олимпиада бесінші рет өткізілуде. Жобаға қатысу үшін 1000bala.elumiti.kz сайтына тіркелу қажет.
«Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Олимпиаданың бірінші кезеңі 2 сәуірінде сағат 10:00-18:00 аралығында прокторинг жүйесі негізінде ұйымдастырылды. Бұл тетік олимпиаданың академиялық адалдық шеңберінде өтуіне мүмкіндік береді. Тестілеу «Логикалық ойлау» және «Кеңістіктік ойлау» деген екі бөлім түрінде өтеді. Осы іріктеуден өткен қатысушылар, келесі 2-ші кезеңге жіберіледі. Олимпиаданың екінші кезеңі 24-26 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығында өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар «Математикалық сауаттылық», «Қазақ тілі» қазақ тілінде оқитын оқушыларға, «Русский язык» орыс тілінде оқитын оқушыларға, «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімін бағалайтын компьютерлік тестілеуден өтеді», — деді жоба үйлестірушісі.
Білім басқармасы басшысының айтуынша, олимпиада қорытындысы бойынша республикада 1000 жеңімпаз анықталмақ. Оның нәтижесінде оқушылар еліміздің жетекші мектептерінде білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Атап айтсақ, Республикалық физика-математика, «Білім-Инновация» мектебі және «Дарын» мамандандырылған мектебіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес оқуға қабылдау мүмкіндігі беріледі. Одан бөлек, қосымша 5 000 Олимпиада финалистері «Birge oqý» онлайн мектебінен білім ала алады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Саят Қараласов жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынғанын атап өтті. Қазіргі
Жетісу облысы

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері

Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте
Қоғам

Бұл қаржылық пирамида ма, жоқ па?

Жыл жылжыған сайын қаржылық пирамидалар да көбейіп, халық қалтасын қағып келеді. Тек бір мысал ретінде, биылғы жылы Q-net компанисынан Жетісу өңірінің тұрғыны 3,8 миллион теңге шығынға батқан. Осындай алаяқтықтың кезекті
Жетісу облысы

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз - Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *