Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықтан келтірілген залал 100 млн. теңгеге жуық

2024 жылдың алғашқы үш айында Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың 120 жағдайы тіркелді. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мәди Бағдат бөлісті.
Полиция майоры алаяқтықтың кең таралған әдістерінің бірі жеке деректерді алу арқылы банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу, интернет хабарландырулар бойынша тауарға, қызметтер үшін алдын ала төлем жасау жолымен Instagram, WhatsApp, Telegram желілері арқылы, сондай-ақ, kolesa, olx.kz секілді қосымшалардан қылмыстардың жасалатынын атап өтті.
Интернет-алаяқтық жағдайларының көбеюіне жауап ретінде полиция департаменті онлайн-кеңістіктегі қылмыскерлерді анықтау және олармен күресу үшін арнайы дайындалған «Киберпол» мамандандырылған тобы құрылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, қылмыстың алдын алуға бағытталған «Интернет-алаяқ-тықты тоқтату» іс-шарасының кеңінен қамтылғанын хабарлады. Осы әрекеттердің арқасында биыл алаяқтық жағдайларының саны 45-ке дейін қысқарып отыр. Спикер атап өткендей жыл басынан бері 120 қылмыстың 19-ы анықталды.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жас сарбаз! 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

1 наурыздан бастап Президент жарлығына сай ел көлемінде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Осындай ақпаратпен Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметінің
Жетісу облысы

Коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен экономикалық тиімділігі басты назарда

Жыл басынан Жетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне тарифтерді өзгертуге 69 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім түрлі себептермен қайтарылды. Сонымен қатар 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде
Жетісу облысы

Өткен жылы Жетісу облысында 57 еңбек құқығын бұзушылық анықталды

Жетісу  облысының  азаматтарының  шағымдары бойынша  өткен  жылы  облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы 60 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 57 бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, негізінен еңбек бұзылыстары  білім  беру,  денсаулық сақтау  және құрылыс
Жетісу облысы

Наурыз мейрамы мен Қасиетті Рамазан айына арналған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар

Наурыз мейрамы мен Рамазан айының басталуына байланысты Жетісу облысында тамақтан улануды қоса алғанда, ықтимал аурулардың алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов осы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *