Жетісу облысыҚоғам

Қызылтастағы петроглифтердің қазіргі жағдайы

«Темір» карьеріне баратын грунттық жолды салу барысында жолдың бойында орналасқан археологиялық қорғандардың сақталуына қатер төңгені белгілі болды. Бірақ облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың араласуымен ескерткіштерге зиян тигізетін жұмыс түрлері тоқтатылды. Өткен жылы әлеуметтік желіде «Темірбетон» ЖШС-нің карьерінің кесірінен мәдени мұрамыз жойылып жатыр деген ақпарат пайда болған болатын. Тарихи нысандарды сақтау жұмыстарын жүргізу туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов және облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков айтып берді.

«2023 жылдың 5 желтоқсанында Мәдениет және ақпарат министрлігі, облыстық мәдениет, архивтер  және  құжаттама басқармасы жанынан құрылған Қызылтас петроглифтері мен «Тасбақа» деп аталатын табиғи тас мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобының отырысы өтті. Осының негізінде петроглифтерді басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданды», — деді Жеңіс Андабеков.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Қызылтас аумағындағы «Темір» карьеріндегі жарылыс жұмыстары толығымен тоқтатылды. Ал Қуаныш Сұлтанұлы атап өткендей, жақын арада петроглифтер мемлекеттің қорғауына алынатын болады.

«Облыста көптеген тастар мен ежелгі қорғандар бар. Бүгінде ғылыми негізделген және тарихи мұра тізіміне енгізілген табиғи нысандар туристер арасында танымал. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінен 51 петроглиф мемлекет қорғауына алынды. Қызылтастың петроглифтері де осы тізімге енгізіледі», — деп атап өтті Қуаныш Сүлейменов.

Аталған кәсіпорын сотқа карьердің қызмет ету мерзімін ұзарту туралы бұрын пайдаланылған құжаттарды қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінді. Сот шешімі шыққанға дейін барлық жұмыс тоқтатылды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өркен» білім грантын тағайындауға үміткерлер арасында конкурс жариялағанын хабарлады

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек конкурс, оқу процесінің ерекшеліктері және мектепте білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Баспасөз-мәслихаты
News

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін таңмен таласып сайлаушылар ағылып келуде. Тұрғындар референдумға үлкен белсеніділікпен қатысуда. Осы дауыс бері учаскесіне тіркелген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова да бүгінгі
Жетісу облысы

Ынтымақтастықтың табысты жемістері

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары IT-services & Education жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған кітаптарды дубляждайтын аудиостудия ашты. Салтанатты шара Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті.  Биыл
Қоғам

Жетісуда #Birge науқаны ұлтаралық араздық сөздерінің алдын алуда

Жетісу облысында «араздық тілінің» алдын алуға баса назар аударылып, «Этностық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған медиа-жоспар» жүзеге асырылуда. Ксенофобия мен сепаратизммен күресу үшін ақпараттық шабуылдар мен мәлімдемелерге қарсы шараларды ұйымдастыру үшін арнайы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *