Мәдениет

Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

Қонаевта жекпе-жек спорт мектебі және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) қызмет етеді. Еліміздің көк туын көкке желбіретер спортшыларымыз «Таза өлке» науқанына қолдау білдіріп сенбілікке шықты.

Өз пікірінде БЖСМ-нің әдіскері Қарлығаш Изанова қала таза болуы үшін ең алдымен бірлік керек екенін тілге тиек етті. Айтуынша, көршілес Өзбек мемлекеті бір күнді ақылдаса белгілеп, сол күні халық жаппай сенбілік жасайтын көрінеді. Ұйымшылдық арқасында шаһарлар демде тазарып шыға келеді – дейді маман.

«Таза Қазақстан» акциясы бес аптаға жалғасатыны қуантады. Бұл уақыт ішінде ағаштар әктеліп, көшелер мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, қалаға ерекше өң кірмек. Біз де өз үлесімізді қосуды мақсат етіп, сенбілікке шықтық. Мұндай шараларды спорт мектебімізде жиі ұйымдастырып тұрамыз», — деді Қарлығаш Изанова.

Бұған дейін қаладағы 800-ден астам бизнес субъектілерінің қызметкерлері сенбілікке шыққанын жазғанбыз.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Өткен жылдың соңында аймақта қызылша ауруының күрт өсуі байқалды. Егер қараша айында 144 жағдай тіркелсе, желтоқсанда олардың саны 218-ге дейін өсті. Қаңтар айында сырқаттанушылық төмендеп, 100 адам болды. Бүгінгі күні
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Zhasproject» жобасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары басталды

Жоба жас ұрпақты қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға жағдай жасауға бағытталған. Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қарастырылуда. Шағын грантқа қатысты ақпарттық-түсіндіру науқанын өткізу туралы
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас
Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *