Жетісу облысыҚоғам

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын халыққа жеткізу. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.
Жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы 53 мемлекет қатысады. Тұрғындарды иммундау Ұлттық күнтізбеге сәйкес 20 жұқпалы ауруға, оның ішінде 11 инфекцияға қарсы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 инфекцияға қарсы ақысыз жүргізілмек.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының ақпаратына сәйкес, өңірде көкжөтел бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Атап айтсақ, жыл басынан бері 37 жағдай тіркелген. Оның 9-ы Кербұлақ, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында расталды. Науқастардың көпшілігі 1 жасқа дейінгі балалар.
Жанета Нұрманбетованың айтуынша, облыста жыл сайын 150 мыңға жуық адам екпе алады. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 35 мың. Сондай-ақ, биыл адам папилломавирусына қарсы вакцинацияның Ұлттық күнтізбесіне енгізу жоспарлануда.
Спикерлердің айтуынша, жаппай вакцинация жүргізу ұлт денсаулығын сақтаудың қажетті шарты. Вакцина арқылы кез-келген аурудың алдын алып, таралуына жол бермеуге болады.

Shares:

Related Posts

Медицина

Сақ болыңыз, көкжөтел!

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы
Жетісу облысы

ҰЛЫҚТЫ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа
Қоғам

Жетісу облысында 500-ге жуық  пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Терезе жақтауын жаңа жыл қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті 
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *