News

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды.

Жалпы облыс бойынша 30 астам ескерткішке тазарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, оған 5000 астам адам қатысты. Оның ішінде, Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябағында өткен тазалық жұмыстарына Ауған соғысы, Чернобыль және еңбек ардагерлері мұрындық болды. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінде жас табиғат сақшыларының қатысуымен музей аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, соңы жас ұрпақты тарихи мұралармен таныстыруға арналған экскурсиямен жалғасын тапты.

Облыс аумағында жалпы 1155 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Осы аптада 70 тазалық шарасы жоспарланған: облыстың әдеби ұйым мүшелерінің қатысуымен облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ескерткіштеріне, мектептің кадет сыныптарының оқушылары «Даңқ» аллеясы, «ҰОС ардагерлеріне» арналған ескерткіштерге тазалық шарасын жүргізеді. Одан бөлек, облыс орталығында биыл отбасын құратын 30 жұп көшет отырғызып, «Жас отбасылар» аллеясы ашылады. Талдықорған қаласының, Қызылтас саяжайы маңында «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық экофестивалі өтеді. Экофестиваль аясында аумаққа тазарту жұмыстары жүргізіліп, жас ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Аталмыш тазалық шаралары облыстың әр аудан, қаласында  жалғасын таппақ.

 

 

 

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында 1 ақпанан бастап «Мал ұрлығын тоқтату» жобасы іске қосылды

Алматы облысы прокуратурасы мен уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесе отырып мал ұрлығын азайту мақсатында жоба бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының прокурорының көмекшісі Мергалым Смагулов баяндады. Спикердің
News

Елмен бірге дауыс берді

№349 референдум учаскесіне басқалармен қатар қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Е. Семенов келіп, таңдау жасады.  Мүмкіндігі шектеулі бола тұра спорттық шаралардан қалыс қалмайтын азамат қала тұрғындарын белсенділік танытып, саяси науқаннан
News

Алматы облысында әйелдер мен балалардың әл-ауқаты зерттеледі

  Биылғы жылдың 2 қыркүйегінен бастап Алматы облысында ЮНИСЕФ-тің Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеуі (MICS) бастау алды. Бұл зерттеу әйелдер мен балалардың денсаулығы, білім деңгейі және өмір сүру жағдайларын анықтау мақсатында
News

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *