Мәдениет

Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Қаламызда «Киелі мекен» акциясы жалғасуда. Бүгін аталған эконауқанның аясында ардагерлер мен жастар бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады.

Бұл парк былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, гүлзарлар жасалған болатын. Сондай-ақ мұнда ҰОС-ға қатысқан ардагерлердің суреті бейнеленген панно орнатылып, шағын сәулеттік нысандар қойылды. Ең бастысы – парктің аумағында Ауған соғысы мен ҰОС арналған үлкен екі ескерткіш бар.

Бұл күні саябаққа ардагерлер мен жастардан 100 адам жиналып, парк аумағын қоқыстан, жерге түскен сары жапырақтардан, арамшөптерден тазартты. Ескерткіштердің төңірегі сыпырылып, жұртшылық бір адамдай еңбек етті. Нәтижесінде бұл жерден 35 қап қоқыс шығарылды.

«Өткеннен сабақ алмай, келешекке қадам баса алмаймыз. Осындай тарихи ескерткіштердің жан-жағы таза болып тұрса, ұрпақтарымыз ата-бабаларына үнемі тағзым жасап тұрса, керемет емес пе? «Киелі мекен» акциясын бұқара түгелдей қолдауы керек деп ойлаймын. Себебі, бұл – жай ғана сенбілік емес, бұл – балаларға тәрбие беру, халықты тазалыққа шақыру», — деді Ауған соғысының ардагері Алдажар Сейітұлы шараны қорытындылап.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама
Жетісу облысы

«ҚОШТАСАТЫН БОЛСАҚ НЕГЕ КЕЗДЕСЕМІЗ?» Талдықорған драма театрында кезекті премьера сахналанды

Бикен  Римова атындағы Талдықорған драма театрында Александр  Володиннің  «Қоштасқым  келмейді» пьесасының желісімен  «Кездесу мен қоштасу» қойылымының премьерасы өтті. Спектакльдің қоюшы-режиссері  –  Алмат Шарипов. Қоюшы суретшісі  – Жанат  Дүйсенбаев  және костюм
Қоғам

20 миллионыншы қазақстандық Жетісу облысында дүниеге келді

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 20 миллионыншы тұрғынымен құттықтады.  «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет
Жетісу облысы

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында тұңғыш 3D Fantasy ертегі

14-17 мамыр аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына балаларға арналған 3D Fantasy «Алтын сақа» ертегісінің премьерасы көрерменге жол тартпақ! Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *