Жетісу облысыҚоғам

Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Ескелді ауданы — аграрлы аймақ, негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы. Қазіргі уақытта ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде қажетті тұқым мен минералды тыңайтқыш және дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша өтінім қабылданып жатыр. Ауыл шаруашылығының әлеуеті туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Елдос Ахметов айтып берді.
«Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары 31,9 мың гектарға себіледі. Ал қант қызылшасы 2073 га себіледі. Былтыр 134 мың тонна тәтті түбір жиналды, биыл да осындай көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы зауытқа өткізілетін қант қызылшасы субсидиясын ұлғайту нәтижесінде бағасы 30 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар, Көксу қант зауыты тарапынан тасымалдау шығыны тоннасына 1000 теңгеден өтелді. Биыл ауыл шаруашылығының техникалары да жаңаруда. Жыл басынан бері 14 техника сатып алынды», — деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, ауданда 1957 шаруа қожалықтары бар. Оның ішінде мал шаруашылығымен 502 қожалық айналысады. Бүгінде мал төлдеу науқаны жүріп жатыр. Атап айтсақ, 3 айда мал санының өсуі байқалады. Аудан ет, сүтті өздерінен шығарып, халық игілігіне жаратып отыр. Мәселен, ауданда 9 сүт фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылдың 1 тоқсаны бойынша 6 мың 648 тонна сүт өндірілген. Ал ет бағытында 3 мал бордақылау алаңдары бар, жыл басынан бері 2100 тонна ет өндірілді.
Биылғы жылдың 1 тоқсанына ауыл шаруашылық саласына 216 млн. тг жуық инвестиция тартылды. Инвестицияның негізгі көзі сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар.

Shares:

Related Posts

News

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және
Қоғам

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін 375 азаматқа 1,9 млрд теңге шағын несие бөлінді

Алматы облысына кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде шағын несиелер беруге 375 үміткер үшін 2,5% - бен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл шағын несиелер 5 жылдан аспайтын мерзіммен
Қоғам

«Алакөл» және «Нұр жолы» кеден бекеттерінде жүзеге асырылған пилоттық жоба сынақтан сәтті өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «CarGoRuqsat» және «CarGoAlem» ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне еркін экономикалық аймақта болуды алдын ала жоспарлауға, кіру және шығу күндерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Соның
Жетісу облысы

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік  көмек  көрсету, отбасылардың өмір сүру
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *