Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова мәлімдеді.

Өңірде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, кене инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүзеге асырылады. Кене инфекцияларының алдын алу шараларының бірі — кенеге қарсы өңдеу жүргізу.

«Табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары 1-ші, 2-ші турмен сәуір, маусым айларында 230 га көлемінде жүргізіледі. Кенелердің белсенділігі маусымының басталуына орай 8 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 210 га көлемінде кенелерге қарсы өңдеу жүргізілді. Барлық аудандар мен қалаларда өңдеу жұмыстарының 1-туры ауа райының болжамына байланысты 3 мамырға дейін  жалғасады, ал  2- тур маусым айында жүргізілетін болады. Жыл басынан бері облыста кене инфекциясы тіркелген жоқ», — деді департамент басшысының орынбасары.

Спикердің айтуынша, кене энцефалитінің алдын алудың негізгі шарасы вакцинация болып табылады. Табиғи жағдайларда жұмыс істейтін эндемиялық аймақтарда тұратын халық демалыс, туризм мақсатында кене белсенділігі маусымында эндемиялық аудандарға баруды жоспарлайтын адамдар кене энцефалитіне қарсы профилактикалық егулер алуы тиіс.

Маман қауіпті жәндіктің белсенді маусымы кезеңінде барынша абай болуға шақырады. Әсіресе, эндемиялық аймақтағы тау, орман, демалыс орындарына барғанда сақтық шараларын ұстану қажет дейді. Кене шағып алған жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінген жөн. Мамандар зардап шегушіден кенені алып тастап, жәндікке қарсы арнайы иммуноглобулин егеді.

Айта кету керек, кене энцефалиті — мидың қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын табиғи-ошақтық ауру.

Shares:

Related Posts

News

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін
Жаңалықтар

Бірлік пен келісімге 30 жыл: Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспары талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бұл туралы «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Еркебұлан Ақболатов мәлімдеді. Мерейтойлық жылды мерекелеу 1 наурызында, яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының
News

Бірлік – берекеге бастайды

Жаркент қаласындағы «Ұйғыр» этномәдени орталығының мүшелері ұлттық киім үлгісінде келіп, дауыс берді. Панфилов ауданындағы этнос өкілдері бүгінгі өтіп жатқан референдумға белсенді түрде атсалысып, саяси науқанға белсене атсалысуда. – Біз үшін
Жетісу облысы

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік  көмек  көрсету, отбасылардың өмір сүру
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *