Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.
«Жерасты ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда ҚХР азаматтары үшін жұмыс істегені анықталды. Жүргізілген тінту іс-шараларының нәтижесінде 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарды ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық жабдықтар, сондай-ақ, 60 мыңнан астам қытай юань сомасындағы ақша табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді спикер.
Бүгінде IT құралдар арқылы интернет-кеңістікте заңсыз жұмыс жасау жүзеге асырылуда. Заңсыз контент белгілері бар анықталған сайттарды (аккаунттар) бұғаттау үшін Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігіне жіберіледі. Жыл басынан бері Жетісу облысы бойынша 1200-ге жуық заңсыз контент анықталып, барлығы бұғатталды.
Сондай-ақ, тұлғалардың әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram платформасында заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыптыларды кінәлі деп тауып, 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Спикердің айтуынша, Департамент министрлікпен бірлесіп әлеуметтік желілердегі жағдайды мұқият қадағалайды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Осыған байланысты азаматтарды заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Теміржолшылар әулеті өз таңдауын жасады

Теміржолшылардың үш буыны қалыптасқан әулет өздерінің таңдауларын жасады. Бұл отбасы бірде-бір осындай маңызды күнді қалыс қалдырған емес. Отағасы Данияр Балаубеков атап өткендей, бұл күн ел ертең үшін маңызды күн. «Біздің
Жетісу облысы

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері

Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте
Жетісу облысы

 Жетісу облысында 8 қаржы пирамидасы анықталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында 1200-ге жуық заңсыз контент анықталды. Оның ішінде 8 қаржы пирамидасы бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы бұғатталған. Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы
Қоғам

Жетісу облысында «Visit Zhetysu — 2023»  форумы өтті

Жетісу облысының туризмін насихаттаушысы Visit Zhetysu орталығы ұйымдастыруымен туризмді дамытып,  туризм саласында еңбек етіп жүрген ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu - 2023»  форумы өтті. Аталған шара БАҚ өкілдерімен
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *