Жетісу облысыҚоғам

Биыл Балпық би кентінде 50 тұрғын үй салынады

Бұл туралы Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтты. Бірінші тоқсанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын айтатын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім байқалады.

Ауданда басымдық  –  қант өндіру. Ауданда  қант зауыты 1932 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2018-2021 жылдар аралығында кәсіпорын жаңғыртудың екі  кезеңінен өтті. Енді ол жыл бойы жұмыс істеп, өңірдегі  барлық қызылша өсіретін шаруалардың қант қызылшасын ғана емес, қант қамысын да өңдейтін болады. Осылайша,  кәсіпорын  жылына 250 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қабілетті.

«Өнеркәсіп саласында 1 ірі 3 орта кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді. Көксу қант зауыты ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қант қамысы өндірісін бастады. Барлығы 15 мың тонна қант қамысын өңдеу жоспарлануда. Қазір тәулігіне 300 тоннаға жуық өнім шығарылады. Шағын кәсіпкерлік те жақсы дамып келеді. «Кеңдала» және «Агробизнес» несиелік бағдарламалары бойынша шамамен 145 млн.теңге сомаға жеңілдікті кредиттер бөлінді», — деді аудан әкімі.

Жыл сайын ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында елді мекендерді абаттандыру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қазір Жетісу облысында өңірді  газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, бір  ғана Көксу ауданында 12 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Аудан  әкімі тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқанын ерекше  атап өтті. Сондай-ақ инвесторлар  кезекте  тұрғандар  үшін  тағы 50 тұрғын үй салады.

Көксу өңірінің тұрғындарын ерекше алаңдататын жайылымдық және егістік жерлердің тапшылығы. Осыған байланысты жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан және мақсатсыз пайдаланылған 1770 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл соңына дейін тағы 5230 гектар жер қайтарылады», — деп қорытындылады спикер.

 

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Жетісу облысы

ЖАҢА БОСАНҒАН АНА ДАУЫС БЕРДІ

Референдум күні жаңа босанған ана Мөлдір Амангелдіқызы жылжымалы  жәшік арқылы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Үшарал қаласының әкімі М. Сайдильдинов Мөлдір Амангелдіқызын құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат тарту етті.
Жетісу облысы

Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда
Жетісу облысы

Сарыөзектік көпбалалы ана өз таңдауын жасады

№189 сайлау учаскесіне Сарыөзек ауылының тұрғыны 5 бала, 13 немере, 1 шөбере тәрбиелеп отырған Нұрғалымова Раушан әжеміздің бала-шағасын, немересін ерте келіп, дауыс берді. Әулет үлкені Раушан әже жиылған қауымға өз
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *