News

Алматы облысында 50-ден аса қылмыс әшкереленді

 

10-20 мамыр аралығында Алматы облысында «Құқық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарма басшысы полиция подполковнигі Мұрат Қалиасқаров жүргізілген тексеріс бойынша толықтай баяндады.

Спикердің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқықбұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзғандарды анықтау.

Жедел алдын алу шарасы он күн бойы өткізіліп, облыстық полиция күшейтілген режимда жұмыс істейді. Мәселен,профилактикалық аптаға 700-800 полиция қызметкері жұмылдырылады. Бұл тексеріс жұмыстары өз кезегінде жалғасын тауып, екінші кезең маусым айының бірінші он күндігіне жоспарланған.

«Тексереріс барысында бұрын жасалған санатқа кіретін 50 қылмыс ашылды. Олардың арасында бір кісі өлтіру бар. Полиция қызметкерлерінің күшімен іздеуде жүрген 14 қылмыскер мен 16 заңсыз иммигрант ұсталды. Сонымен қатар, есірткі сақтады деген күдікпен 10 адам ұсталды, ал 12 адам суық қаруды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін жауапқа тартылды», — деді Мұрат Қалиасқаров.

Операция қорытындысы бойынша  полицейлер профилактикалық есепте тұрған 6184 адамды тексерді, оның 54-і құқықбұзушылық үшін ұсталды. Облыс аумағында 10 мыңнан астам адам әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тіркелді. Атап айтсақ, 673 тұлға алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде бару, 57 жүргізуші көлік құралын мас күйде басқарғанына және 328 тұлға ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жазаға тартылған.

Shares:

Related Posts

News

Мақсұт Омарбаев Талғар аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда өткен Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Талғар аудандық мәслихаттың шығып
News

Парентеральдық вирустық гепатиттер

Парентеральдық вирустық гепатиттер – В,С,Д,G гепатиттерінің вирустарымен шақырылатын жұқпалы ауру. Паренетеральдық гепатиттермен сырқаттанған кезде көбінесе бауыр тіндері зақымдалады. Жұқпа көзі болып табылатын адамның барлық биологиялық сұйықтықтарында вирус болады: қан, шәует,
News

Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

  Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов баспасөз мәслихатында баяндады. Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы
News

Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны 426 117 адамды құрайды. Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *