News

Алматы облысы: Оқу жылы қалай кортындыланды?

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады.
Осы оқу жылын облыстың 474 білім беру ұйымында 350 011 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 11 сыныпты 14 222 оқушы бітіреді. «Алтын белгіге» үміткер – 948, «Үздік аттестатқа» үміткер 1206 оқушы бар.
Гүлжан Мұхамажанқызының айтуынша, балаларды білім нәрімен сусындырып жүрген ұстаздар үшін де, жыл табысты болды.Оқу жылы ішінде 33 мың педагог сапалы қызмет атқарып,айтарлықтай нәтижелер көрсеткен. Мәселен, былтыр халықаралық білім жарыстары мен олимпиадаларда топ жарып, 117 бала жүлдегер атанса, биыл 150 бала жеңімпаздар қатарынан көрінген.
Сонымен қатар, спикер білім сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен «Жол картасы» жасалғанын атап өтті. Жол картасы аясында, «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «50 табысты мектеп» жобасы жүзеге асырылып, білім сапасы 1,6 пайызға өскен.
Бұдан бөлек, Гүлжан Мұхамажанқызы балалардың жазғы демалысы қалай өтетініне тоқталды.
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі облыс әкімінің өкіміне сәйкес қажетті іс-шаралар ұйымдастырылуда.Облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру орталықтары бар. Оның ішінде жазғы кезеңде 1 мемлекеттік және 14 жекеменшік лагерь өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

«Биыл жазғы демалыста 1-10 сыныпта оқитын 7-14 жас аралығындағы 272 861 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек және мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын қамтуы жоспарлануда»,-дейді Гүлжан Мұхамажанқызы.

Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 120 бала сауықтыру шараларымен қамтамасыз етілді. Және де «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаздық сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында облыстың 4 лагеріне 2421 балаға жолдама берілді.
Спикердің ақпарынша, балалар демалатын лагерьлер тізімі барлық мүдделі органдар назарына жеткізіліп,лагерь басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.Атап айтсақ, 15-17 мамыр аралығында ҚР Үкімет аппаратының аймақтық инстпекторының жұмыс сапары барысында тексерулер жүргізілді.Өңірдегі 5 лагерьдің жазғы уақытта балаларды қабылдауға дайындығымен танысты

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

  2024-2025 оқу жылында өңірде 1747 білім беру мекемесі жұмыс істейді, олардың ішінде 473 жалпы білім беретін мектеп, 1161 мектепке дейінгі мекеме, 40 колледж және 33 қосымша білім беру ұйымы
News

Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл

Ақша қаражаттарын тиімді жұмсауды және сақталуын қамтамасыз ететін қаржылық органның жұмысы туралы Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Ермек Кыдыралиев баяндады. Спикердің айтуынша, қазынашылық жүйе Қазақстанның қаржылық жүйесінің басты
News

Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков тарқатты. Оның сөзінше, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде
News

МӘМС жүйесінің мүмкіндігі зор – Ләззат Әсетқызы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Осы уақыт ішінде ол өзінің тиімділігін дәлелдеді ма? Әлде пайдасынан зияны көп пе? Бүгін осы және өзге де сұрақтар
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *