News

«Қонаев» ӘКК қаражатты депозитке салған — Жоғары аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата Алматы облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне аудитті аяқтады. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен палата отырысында қаралды.

Мемлекет басшысының бастамасы аясында Алматы облысы 2022 жылы Жетісу облысының құрылуымен екіге бөлінді, ал оның жаңа орталығы Қонаев қаласы болды. Өңір экономикасының негізгі драйверлері — өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен. Алматы облысының өнеркәсібі 90% өңдеуші сектор кәсіпорындарынан тұрады. Бұл — республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. 2023 жылы өңірде 30-дан астам жаңа өндіріс іске қосылды, бұл мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

«Сонымен бірге, аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен трансферттерге тым тәуелді екені анықталды. Жеке инвестициялардың ресурстары толық қолданылмайды. Мердігерлік ұйымдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін кешіктіруі салдарынан болатын жүйелік проблемалар жергілікті бюджетке қосымша жүктеме салып отыр. Мәселен, 2022 жылы құны 129 млрд теңгеден асатын 110 жоба және 2023 жылы 110 млрд теңгеден асатын 81 жоба нормативтік мерзімде аяқталмаған. 2021 жылы басталған 5 автожолдың құрылыс-монтаждау жұмыстары қаржыландырылмауына байланысты тоқтап тұр», — делінген Жоғары аудиторлық палата мәліметінде.

Қазіргі Алатау қаласының нысандарына қатысты кемшіліктер анықталды. Бұл тұрғыдағы жұмыстар G4 City жобасы аясында 10 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Атап айтқанда, бухгалтерлік есепте кемшіліктер белгілі болды.

«Бұдан бөлек, «Қонаев» ӘКК» АҚ «айналым схемасы» арқылы бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыруға алынған 4 млрд теңге кредиттік бюджет қаражатының тек 1,5 млрд теңгесі (38%) жұмсалған. Қалған 2,5 млрд теңге (62%) жүйелі түрде депозиттерге салумен банк шоттарында сақталып жатыр. Жалпы, аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде Алматы облысында жалпы сомасы 16,7 млрд теңгеге қаржылық талаптарды бұзу деректері анықталды, оның 12,2 млрд теңгесі бухгалтерлік есепті жүргізуге қатысты. Қазір аудит қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді 96 пайыздан астамы жойылды. Сондай-ақ қаржы саласындағы тиісті рәсімдер бойынша талаптарды бұзудың 485 жағдайы және 20 жүйелік кемшілік анықталды», — деп аталып өткен палата ақпаратында.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

  Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 13,2 млрд теңгеге тең төленбеген алғашқы тіркеу жағдайларын анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан
News

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар
News

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына бір жыл ішінде 36 000 науқас жүгінді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы - Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындары үшін жетекші медициналық қызмет көрсету орталығы болып есептеледі. Клиникада мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде ең күрделі ауруларды
News

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1122 жағдай тіркеліп, оның 797 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,2%. Айта кетерлігі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *