News

Вице-министр Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр жылу-энергетика комплексінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Қала тұрғындары жылумен қамту, газбен қамту және ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысы жөніндегі сұрақтарына жауап алды.

Кездесу барысында вице-министр Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жоғары әлеуетіне ие екенін атап өтті. Бүгінгі таңда өңір республикада ЖЭК қуаты бойынша 2 орын алады немесе 23 объекті өндіретін 371,4 МВт, оның ішінде 10 ЖЭС қуаты 146,5 МВт, 7 ГЭС қуаты 64,62 МВт, 6 күн электр станциясы қуаты 160,35 МВт. Қуаты 14,9 МВт болатын 1 нысанның құрылысы 2027 жылға дейін жоспарлануда.

Вице-министр тұрғындармен облысты одан әрі газдандыру жоспарларымен бөлісті.

«Бүгінгі таңда Алматы облысын газдандыру деңгейі (01.01.2024 ж.жағдай бойынша) 72,3% немесе шамамен 1,1 млн. адам табиғи газға қол жеткізе алады. 2024 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 9 жобаны (5 жалғасып жатқан, 4 жаңа) іске асыруға 2,4 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінетін болады. 2024 жылғы 15 наурызында Ұлттық құрылтай отырысында берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде 12 жобаны іске асыруға қосымша 6,9 млрд.теңге бөлінді (5 жалғасуда, 7 жаңа). 2024 жылдың қорытындысы бойынша 13 елді мекенді немесе шамамен 29 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда»,- деді Әлібек Жамауов.

Сонымен қатар, энергетика вице-министрі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу, өңірді ЖЖМ мен сұйытылған мұнай газының қажетті қорларымен қамтамасыз ету мәселелерін қозғады. Кездесуге келген облыс тұрғындары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ балансына жаңа электр желілерін қабылдау, елді мекендерді газдандыру сияқты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Жұмыс сапары барысында энергетика вице-министрі Алматы ЖЭО-3-ке барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты және жұмысты жылыту маусымы басталғанға дейін уақытында және сапалы орындауды тапсырды. Қазіргі уақытта ЖЭО-дағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Shares:

Related Posts

News

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АНИМАТОРЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Үшарал қаласы №48 дауыс беру учаскесіне ерекше үлгідегі арнайы аниматор киімімен келген азаматтар дауыс берді. Дауыс берушілердің белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған азамат еліміздің жарқын болашағы жолында өз таңдауын жасады.
News

Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

  Қарасай ауданының экономикалық өсімі қарқынды түрде жалғасуда. Өндіріс көлемі 360 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров
News

МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі болмаса, науқасқа медициналық көмектен бас тартуға бола ма?

Сақтандырылмаған пациент ТМККК тізбесіне кіретін, бірақ МӘМС пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайтын қызметтерді ала алады. Бұл туралы қордың Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар аурулар
News

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында – 218 жағдай тіркелді, 2024 жылғы қаңтарда – 131. Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *