Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

1 маусымнан бастап елімізде шомылу маусымы басталады. Осы тұста Жетісу облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған кешенді дайындық және алдын алу жұмыстары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.

«Профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін үгіт-тарату материалдарының 15 мың данасы дайындалды. Қосымша жергілікті бюджеттен 36 мың дана сатып алуға 1 млн. 305 мың теңге бөлінді. Демалыс базалары мен балалар лагерлері  орналасқан су айдындары учаскесінің түбін сүңгуірлік тексерудің тиісті актілерін толтыра отырып, тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, шомылу маусымында Департаменттің құтқару бөлімшелерінің  қосымша 3 мобильді бекетімен кезекшілік ұйымдастырылады, коммуналдық жағажайларда жергілікті атқарушы органдардан 1 құтқару бекеті, 4 қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 4 медициналық пункт құрылады.

Бұл шаралар Жетісу облысының су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысын газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді-мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай
News

Жетісуда жылыту маусымына дайындық бойынша баспасөз туры өтті

БАҚ өкілдері мен блогерлер Текелі қаласындағы жылу құбырларына жүргізіліп  жатқан  жөндеу жұмыстарымен танысып, Ескелді ауданы, Шымыр ауылындағы газ тарату стансасы мен Талдықорған қаласындағы «Басқуат»  қазандығында  болды. Жетісу облысының энергетика және
Қоғам

«Алакөл» және «Нұр жолы» кеден бекеттерінде жүзеге асырылған пилоттық жоба сынақтан сәтті өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «CarGoRuqsat» және «CarGoAlem» ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне еркін экономикалық аймақта болуды алдын ала жоспарлауға, кіру және шығу күндерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Соның
Жетісу облысы

Облыс әкімі 8 наурыз қарсаңында жергілікті мәслихаттардағы депутат әйелдермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әр деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті. Оларды алдағы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *