Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысын газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді-мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев бөлісті.

Басқарма басшысы атап өткендей, биыл жалпы сомасы 26 млрд. теңгеге жуық 42 жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Газдандырудың екінші кезеңімен Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді-мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда құны 131 млрд. теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобада ұзындығы 302 шақырым, 6 АГРС орнатумен магистральдық газ құбырын салу көзделген, бұл 124 мың тұрғыны бар тағы 66 елді мекенді газға қосуды ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді спикер.

Басқарма басшысы брифингте Талдықорған қаласында Жастар 1 шағын ауданындағы  ауыз су мәселесін де тілге тиек етті. Тұрғындардың айтуынша, мұнда кейбір көшелер де су жоқ болса, ал кейбірінде сапасы нашар. Қазіргі уақытта шағын аудан бойынша жоба дайын, мердігер компания да бар. Қаржы бөлінгеннен кейін реконструкциялау жұмыстары басталады. Ал кейбір жерлерге «Жетісу Су құбырымен» бірге судың қысымын реттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы облыс бойынша 325 елді-мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 22 жобаны іске басталды. Уақытылы және сапалы іске асыру нәтижесінде 430 шақырымға жуық желі салынады, 20 елді-мекенінде ауыз судың сапасы жақсарады. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен 331 елді мекен қамтамасыз етілетін болады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Еңбегі еленген марапат

Жетісу облысының Қаратал өзенінде болған оқиға жаздың жайма шуақ күнінде тіркелген. Патрульдік полицияның рота инспекторы Санат Серікқалиұлы ағыны қатты өзенге түсіп, суға батып бара жатқан баланы құтқарып, ерлік көрсетті. Жаужүректілігінің
Жетісу облысы

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
News

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *