Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жатады.
Табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмысының 1-туры сәуір айында 230га жүргізілді. 2-туры маусым айынан бастап, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында 164 га жүргізілді. Өңдеу жұмыстары ауа райының болжамына байланысты 21 маусымға дейін жалғасады.
Кене энцефалиті – флавивирус Flavivirus туыстастығының вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру. Вирус адамдарға, жабайы және үй жануарларына, соның ішінде сиыр мен ешкі сияқты жануарларға таралуы мүмкін. Вирусты жұқтырудың алдын алу үшін кене энцефалитіне қарсы егу ұсынылады.
«2023 жылы және осы жылдың бес айында облыста кене энцефалиті ауруының жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, масалардың шағуы арқылы басқа безгек сияқты инфекцияларды жұқтыру мүмкіндігі бар. Облыс бойынша Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 150 га көлемде анофелогенді су айдындары бар. Безгектің алдын алу мақсатында, безгек масаларына қарсы анофелогенді су айдындарында 3 турмен маусым, шілде, тамыз айларында 150 га көлемге өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 96га өңдеу жұмыстары жүргізілді және жұмыс жалғасуда. Масалардың шағуынан қорғау үшін жәндіктерге қарсы құралдарды (аэрозольдер, жақпа) үнемі пайдалану ұсынылады», — деп бөлісті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Shares:

Related Posts

News

Елмен бірге дауыс берді

№349 референдум учаскесіне басқалармен қатар қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Е. Семенов келіп, таңдау жасады.  Мүмкіндігі шектеулі бола тұра спорттық шаралардан қалыс қалмайтын азамат қала тұрғындарын белсенділік танытып, саяси науқаннан
Медицина

МККБИ туралы не білеміз?

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (бұдан әрі-МККБИ) – бұл ауруханаға жатқызылған пациенттердегі негізгі ауруға қосылатын бактериялық, вирустық, паразиттік немесе саңырауқұлақ тектес кез келген жұқпалы ауру, сондай-ақ пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында
Жаңалықтар

Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі

5 сәуірден бастап мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейеді. Енді көлікті тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады. Жаңа ережеге сәйкес, мопед иелері өз
Жетісу облысы

Жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді

6 мамырдан бастап елімізде жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді.  Енді тұтас бір жолақты сызықты басып, қарсы бағытқа шығып көліктен озғандар, жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Жол қозғалысындағы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *