Жетісу облысыҚоғам

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. 23 маусым дәл осы үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті талап ететін мамандық иелерінің төл мерекесі. Аталмыш күн қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров БАҚ өкілдерімен кездесіп, әріптестерін мерекемен құттықтады. 

Қазіргі таңда Полиция департаментінде 1916 аттестатталған полицейлер қызмет етуде. Тәуелсіздікті алғаннан  бастап облыста 49 полиция қызметкері қызмет барысында ерлікпен қаза тапты. Олардың құрметіне облыс аумағында ерлік бұрыштары ашылып, ескерткіштер орнатылып, жылда түрлі турнирлар өткізілуде. Қызмет барысында қайсарлық пен табандылық көрсеткен, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өмірлеріне қауіп төнген кезде адамдарды құтқарған батыр қызметкерлерді Мадияр Тұрсынұлы ерекше атап өтті.

«Биыл Талдықорған ҚПБ Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Омаров Диас Кәкімұлы мен Базарбаев Данияр Тарасович адамдардың өмірін құтқарғаны үшін Мемлекет басшысының жарлығымен Б. Момышұлы атындағы «2-ші дәрежелі Айбын» орденімен және «ҚР Полициясына 30 жыл» медальдарымен марапатталды. Ішкі істер министрінің нұсқаулығымен, 16 ақпан күні қызмет барысында адам өлтірген күдіктіні құрықтаған Қаратал АПБ патрульдік полиция қызметкерлері Ринат Асқарұлы мен Рахим Рахатұлы «Құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, 6 маусымда Талдықорған ҚПБ Патрульдік полиция ротасының инсекторы Санат Серікқалиұлы суға батып бара жатқан 11-жасар баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, соның арқасында өмірін аман сақтап қалды», — деді полиция полковнигі.

Сөз соңында полиция департаменті бастығының орынбасары әріптестері мен ішкі Істер органдарының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

«55 жастан бастап төленеді»: Зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы төлем енгізілді

1 қаңтардан бастап арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және төлеуді тоқтату қағидалары күшіне енді. Оны алуға кімдер сенім білдіре алады? Бұл туралы Жетісу облысының
Жетісу облысы

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша,
Жаңалықтар

Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5%

Жетісу облысында кешенді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірлік схемаға сәйкес, 2030 жылға дейін 192 елді мекен газбен қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда облыстағы 63 елді мекенге газ тартылып,
Жаңалықтар

Талдықорған авиациясы өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуда

2025 жылға дайындық қарқынды жүріп жатыр: штат 93%-ға толықтырылды, қызметкерлерді даярлау, жабдықтар мен көліктерді дайындау жұмыстары жүргізілуде, жаңа техника сатып алынды. Сондай-ақ, әуе патрульдеуге 2-4 класты тікұшақ бөлініп, 150 сағаттық
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *