News

МӘМС жүйесінің еңгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтті

Бүгінде Алматы облысында сақтандырылған халық саны 1млн 200 мыңнан асады. Олардың 70 пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады. Бұл азаматтар үшін мемлекет жарна төлеп келеді. Ол қатарда балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері де бар. Күн санап МӘМС-тің тиімділігін көріп, сақтандыру мәртебесін алып жатқан азаматтар қатары толығып келеді. Жүйенің тиімділігін, оның мүмкіндіктерін және жаңа саладағы реформаларды халыққа кеңінен насихаттау мақсатында қор өкілдері аймақтағы «CDEK» жеткізу қызметінің мамандарымен кездесті. Онда қордың облыстық филиалының қызметкері Әкімбек Саурықбаев МӘМС жүйесіндегі мәртебенің медициналық қызмет алуда маңыздылығы, жүйенің жаңашылдықтары туралы әңгімеледі.

«МӘМС-тің енгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және олардың көлемін ұлғайту бөлігінде ғана емес, сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, кардиохирургиялық операцияларды күту ұзақтығы 3-4 айдан 1 айға дейін, КТ, МРТ – 10 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, бұрын ақылы негізде жүргізілген көптеген операциялар, мысалы, есту қабілетін қалпына келтіру отасы МӘМС жүйесінде қол жетімді болды. ПЭТ қызметтері, яғни онкологиялық ауруларды диагностикалау сапасын және оларды емдеудің тиімділігін едәуір арттыратын позитронды-эмиссиялық томография қолжетімді болды», — деді кездесуде халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі басшысының м.а Әкімбек Саурықбаев

Өз сөзінде маман Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе екенін баса айтты. Міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ егер адам басқа ЖСН-ға жарна төлесе, күні қате көрсетілсе немесе қате деректер көрсетілсе, оларды қайтаруға болатынын жеткізді.

Түсіндіру жұмыстары кезінде «CDEK» өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әсіресе, шағымдар кезінде қайда жүгінуге болатынын, төлемдердің көлемі, оларды төлеу тетіктері, емханаға тіркелу жайлы сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.

 

Shares:

Related Posts

News

WALS-2024: Қазақстанның ашық сабағы

Астанада өткен World Association of Lesson Studies басты конференциясы Қазақстанның ашық сабағы атанды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының беделді халықаралық форумы өтті, WALS штаб-пәтері Астанада бес күн жұмыс істеді, ал
News

Жатыр мойыны обыры жыл сайын жасаруда

  Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді, деді Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының гинеколог-онколог дәрігері Ақтолқын Мамадиярова баспасөз – мәслихатында. Маманның айтуынша, дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен
News

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев
News

Алматы облысында сібір жарасына қарсы 400 ден аса адам екпе алды

  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов облыстағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық маусамға дайындағы туралы баяндады. Өңірдің бас санитарының айтуынша, жұқпалы аурулардың ең
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *