News

АИТВ инфекциясының алдын алу

Жылдан жылға АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы күределеніп келеді. Сондықтан АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында жалпы АИТВ деген қандай инфекция, берілу жолдары, клиникалық белгілері, алдын алу жолдары туралы толықтай тоқталып өтейін!

АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Бұл ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) – аурудың соңғы немесе терминалды сатысы.

Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.

Инфекцияның берілу жолдары:

— жыныстық қатынас кезінде (көптеген жыныстық қатынастары бар, әсіресе кездейсоқ немесе бейтаныс серіктестермен);

— парентеральді (қан арқылы) берілу: ластанған қанды құю кезінде немесе қанмен ластанған құралдар арқылы, түрлі инъекциялар жүргізген кезде (әсіресе нашақорлар арасында көк тамырға есіркіні енгізген кезде).

— жүктілік және босану кезінде вирустың анадан балаға берілуі мүмкін.

Аурудың негізгі клиникалық белгілері.

«Инкубациялық (жасырын) кезең 2-3 аптадан 3 айға дейін созылады. Содан кейін жұқтырған адамдардың үштен бірінде аурудың өткір кезеңі дамиды (қызба, тамақ ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі, мүмкін бөртпе, жалпы әлсіздік), ол 2-4 аптадан кейін емделусіз өтеді. Жұқтырған адамдардың 2/3 бөлігінде бұл кезең жасырын түрде өтеді. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы аурудың клиникалық белгілері болмауы мүмкін (вирус тасымалдаушы). Кейін бірқатар клиникалық белгілер пайда болады. Орташа алғанда, инфекцияның басынан бастап АИТВ-инфекциясының соңғы сатысына дейінгі мерзім 10-15 жылға созылуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда ауру бірнеше ай ішінде ЖИТС-ке айналады»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

АИТВ  диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығында нәтиже береді.

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары:

Жыныстық қатынас кезінде АИТВ инфекциясының алдын алу үшін:— кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз;

— кез-келген жыныстық қатынас кезінде сақтық шараларын қолдану қажет.  — есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту;

-маникюр/педикюр/татуировкаға арналған қайта пайдалануға болатын құралдарды дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, өңдеуден өткізу;

— қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін резеңке қолғапты қолдану және терінің ашық жерлерін және көздің шырышты қабығын қанның түсуінен қорғау қажет, кез келген қанды инфицирленген  қауіпті деп санау тиіс, себебі біз оның АИТВ статусын білмейіз.

АИТВ-ның вертикальді (анадан балаға) берілу жолының алдын алу:- қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір жүкті әйел АИТВ-инфекциясына тексеріле алады. Егер ағзада вирус табылса, оған жатырішілік инфекцияның алдын алу үшін арнайы дәрі-дәрмектер тағайындалады.

 АИТВ-инфекциясына тексеруді жасырын түрде жүргізуге болады және тегін жүргізіледі.

Shares:

Related Posts

News

Тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді

Жетісу облысының зейнеткерлері тегін заңгерлік кеңес алды. Мұндай мүмкіндікті оларға Жетісу облысының Нотариаттық палатасының өкілдері ұсынды. Игі акция Талдықорған қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Оның қатысушылары өз сұрақтарын
News

Қараталда өзге ұлт өкілдері белсенді дауыс беруде

Елімізде өзге ұлт өкілдері де бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Ескелді ауылдық округінде бүгінгі күні 5 этномәдени бірлестік тіркелген. Ауылдық округтің №150 дауыс беру учаскесіне ұлттық киімдерін киіп орыс,
News

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау
News

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту тапсырмасы аясында Жас мемлекеттік  қызметшілер мектебі – талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *