Медицина

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жатады.

Табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмысының 1-туры сәуір айында 230га жүргізілді. 2-туры маусым айынан бастап, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында 164 га жүргізілді. Өңдеу жұмыстары ауа райының болжамына байланысты 21 маусымға дейін жалғасады.

Кене энцефалиті – флавивирус Flavivirus туыстастығының  вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру. Вирус адамдарға, жабайы және үй жануарларына,  соның ішінде сиыр мен ешкі сияқты жануарларға таралуы мүмкін. Вирусты жұқтырудың алдын алу үшін кене энцефалитіне қарсы егу ұсынылады.

«2023 жылы және осы жылдың бес айында облыста кене энцефалиті ауруының жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, масалардың шағуы арқылы басқа безгек сияқты инфекцияларды жұқтыру мүмкіндігі бар. Облыс бойынша Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 150 га көлемде  анофелогенді су айдындары бар.  Безгектің алдын алу мақсатында, безгек масаларына қарсы анофелогенді су айдындарында 3 турмен маусым, шілде, тамыз айларында 150 га көлемге өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 96га өңдеу жұмыстары жүргізілді және жұмыс жалғасуда. Масалардың шағуынан қорғау үшін жәндіктерге қарсы құралдарды (аэрозольдер, жақпа) үнемі пайдалану ұсынылады», — деп бөлісті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Мамандар шетелге шыққанда түрлі аурулардан сақ болуды ескертеді

Жазғы демалыстың жақындауымен шет елдерге туристік сапарлармен барушылар саны артады. Сонымен қатар қажылыққа бару маусым айынан бастап жоспарланған. Осы тұста шетелге шыққанда инфекциялық аурулардан сақтану шаралары туралы облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
Медицина

Мамандандырылған тамақ өнімдері туралы не білуіңіз керек?

Соңғы жылдары адам денсаулығын жақсартуға бағытталған өнімдер сегментінің белсенді өсуі байқалады, олардың қатарына мамандандырылған тамақ өнімдері кіреді.   Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мамандандырылған тамақ өнімдері – жекелеген заттардың
News

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ АСҚЫНЫП ТҰР: ауруға шалдыққандардың 83%-ы вакцинацияланбаған

Жетісу өңірінде өршіп тұрған өзекті инфекциялардың бірі – қызылша ауруы. Облыстың барлық аумақтарында тіркелген бұл сырқатқа шалдыққандар саны биыл 381 адам. Оның 215-і 5 жасқа толмаған балалар. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *