Жетісу облысыӨңірлер

Шегірткеге қарсы күрес: Фитосанитариялық жағдай бақылауда

Ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті, күн тәртібінен түспейтін мәселенің  бірі  –  шегірткеге  қарсы күрес жүргізу. Егіс алқабын жайпап жатқан бұл жәндік Жетісу облысын да айналып өтпеді. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Саят Сақмолдин және республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы облыстық филиалының басшысы Бақберген Атантаев айтып берді.

Биылғы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 109, 416 мың гектар жерде химиялық өңдеу  жұмыстары жоспарланған. Химиялық өңдеу жұмыстарын «Авиасила» ЖШС 4 ұшақ,  жер үсті бүрку тәсілімен «Защита растений — К» ЖШС  7 жер үсті бүріккіш және жеке кәсіпкер «Бағжан» 7 жер үсті бүріккіш техникаларымен атқаруда.

«Аса қауіпті зиянкестердің ішінде облысымызда ауыл шаруашылығына ең қауіптісі  –  шегіртке тектес зиянкестер (Азиялық шегіртке және Итальяндық прус). Жалпы алғанда шегірткенің жаппай таралып, ауыл шаруашылығы жерлеріне айтарлықтай зиян келтіруі көптеген факторларға байланысты. Атап  айтсақ,  көп жылдық талдау негізінде, даму ерекшеліктеріне байланысты шегіртке тектес зиянкестердің жаппай таралуы әр 10-12 жыл ішінде байқалады. Сол кезең қазіргі уақытқа келіп тұр. Сондықтан қаншалықты қиын жағдай қалыптасса да, ауыл шаруашылық жерлерін шегіртке тектес зиянкестерден қорғап қалуға барлық жағдайларды жасауға міндеттіміз», — деді жауапты мамандар.

Бүгінде Жетісу облысы бойынша жоспарланған 109 мың гектардың 108 мың гектары өңделді. Облыс әкімінің Өкіміне сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдар шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға белсенділік танытып,  қомақты үлесін қосып отыр.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде ауыл шаруашылық егістіктер, шабындықтар мен жайылымдарға шегіртке тектес зиянкестерден зиян келгені анықталмады.

 

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу спортшылары барлық деңгейлі жарыстардан бой көрсетіп жүр

Атап айтсақ, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан 914 медаль жеңіп алды. Спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік 214 спортшыға 55 мың теңгеден 443 мың теңгеге дейін ай сайын
Жаңалықтар

Талдықорған авиациясы өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуда

2025 жылға дайындық қарқынды жүріп жатыр: штат 93%-ға толықтырылды, қызметкерлерді даярлау, жабдықтар мен көліктерді дайындау жұмыстары жүргізілуде, жаңа техника сатып алынды. Сондай-ақ, әуе патрульдеуге 2-4 класты тікұшақ бөлініп, 150 сағаттық
Жетісу облысы

Мамандар Наурыз мерекесінде азық-түлік қауіпсіздігіне мән беруге шақырады

Наурыз – қуаныш, көпшілік серуендері мен мол дастарқанның мерекесі. Алайда, тамақты дұрыс сақтамау және дайындау әсіресе дала саудасы мен бұқаралық іс-шаралар кезінде тамақтан улануға әкелуі мүмкін. Мереке қарсаңында мамандар рұқсат
Жаңалықтар

Қорғас: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, экономикалық және туристік орталық

Қорғас –  Қазақстан  мен  Қытай арасындағы сауда-саттықтың орталығы болып келеді. Әсіресе, соңғы он жылдағы даму қарқыны таңғалдырмай қоймайды. Екі ел шекарасындағы шағын қала қазір заманауи сауда-саттық, технологиялық  даму және туристік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *