NewsЖетісу облысы

Халықаралық жастар күнін кең ауқымда тойлау жоспарлануда

12 тамыз Халықаралық жастар күнін кең ауқымды мерекелеу жоспарлануда. Жетісу облысының жастары үшін 3-12 тамыз күндері аралығында онкүндік мерекелік тұжырымдама ұйымдастырылмақ. Мақсатты аудитория 14-35  жас  аралығындағы жастар, оның ішінде мектеп оқушылары, ЖОО  мен  колледж  студенттері, жұмысшы, жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған, neet санатындағы және тағы басқа жастар. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Jetisy Jastary» КММ директоры Еркебұлан Ақболатов бөлісті.

«Шараның негізгі мақсаты – жастарды қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларға тарту, оларды әлеуметтендіру, шығармашыл жастарға қолдау көрсету, облыстың дамуына елеулі үлес қосып жүрген белсенді жастармен волонтерлерді ынталандыру, марапаттау, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, зияткерлік қабілеттерін арттыру, потенциалын ашу, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және өзекті проблемаларды анықтау, шешу жолдарын әзірлеу. Өзін-өзі басқару органдарын дамыту және өзекті проблемаларды анықтау», — деп түсіндірді Еркебұлан Ешмұхамбетұлы.

Онкүндіктің аясында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жалпы саны 21 шара ұйымдастырылады. Ал аудан, қалалық деңгейде 100-ден астам іс-шара өткізіледі.

Жастардың  зияткерлік  қабілеттерін арттыру мақсатында 3-5 тамыз аралығында республикалық  пікір  сайыс,  интеллектуалды ойын, облыстық шахмат турнирі, Халықаралық «Жетісу жауһарлары» волонтерлік экспедициясы, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Антиграффити» акциясы және облыстық жастар арасындағы әскери-патриоттық ойыны өтеді.

6-8 тамыз күндері жастар арасындағы шағын футболдан облыстық турнир, облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кеші, «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің 8 бағыт бойынша іс-шаралары ұйымдастырылады.

9-10 тамызда Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық Жайдарман ойыны, облыстық «Жүректен жүрекке» ерекше қажеттілігі бір жастар арасындағы шығармашылық байқауы, «Dream city» жастар фестивалі болады.

11-12 тамыз республикалық «Шаған тау» тау жарысы, «Көшбасшы-2024» облыс әкімінің жастар сыйлығын табыстау рәсімі, сондай-ақ, жұмыссыз жастар үшін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» өткізу жоспарлануда.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
News

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19
Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинағы жарық көрмек

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімінің қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинақ дайындалуда. Кітаптың 1000 данадан аса нұсқасын шығару жоспарлануда. Бұл
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *