News

Алматы облысында жылу электр орталықтары  2026  жылға қарай газға қосылады

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін  кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат  2023-2025 жылдар аралығында қызмет етуі тиіс.  Аймақтық мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл карта ҚР экология министрі мен Алматы облысы әкімдігінің бірлесе әзірленген. Мақсат біреу- 1,5 млн халқы бар өңірдегі түйіткілді реттеу.

Аталмыш Жол Картасы бес бағытты қамтиды. Әуелгісі жылу электр станцияларын газға ауыстыру. Кешенді жоспарға сәйкес, өңірдегі ЖЭО  2026 жылға дейін көгілдір отынмен қамтылуы тиіс.  Екінші бағытта газға қосылуға негізделген. Мұнда Алматы қаласына жақын орналасқан бес аудандағы елді мекендердегі тұрғын үй әлеуметтік мекеме және кәсіпорындарға газбен жабдықтау ісі қарастырылған. Бұл тіпті, «Алматы агломерациясы» туралы заңда да көзделген.

Алматы облысы экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарға облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы жауапты, дей тұрғанмен,  алдағы үш жылда елді мекендер толықтай газға қосылады деп күтілуде.

Жол картасында көрсетілген келесі бағыт көгалдандыру.  Айналаны аббаттандыру, экологиялық мәселені шешудің тиімді жолы, дейді мамандар.  Сол үшінде ағаш түптерін отырғызу аса маңызды. Өткен жылы  100  мың ағаш отырғызылса, биыл олардың саны он мыңға өсіп,  110 мың түп ағашқа жетпек.   Бұдан бөлек, су ресурстарының жайы да жол каратсында көрсетілген.  Алғашқы басты жұмыс кәріз жүйелерінің құбырларын ауыстыру болып тұр.  Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданының маңайындағы су асты ұңғымаларын ретке келтіру керек.

Экологиялық Жол картасындағы соңғы бағыт, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге ден қою. Алматы облысында жалпы жеті қоқыс жиналатын алаң бар, оның екеуі әлі заңдастырылмаған. Сонымен қатар, облыста тұрмыстық қалдықтардың тек жиырма бір пайызы ғана қайта өңделеді,  Қонысбек Ескендірұлының сөзіне сүйенсек, бұл төмен көрсеткіш. Мұның алдын алмаса, экологияға келетін кері әсері арта түспек. Айта кетейік, облыс көлемінде  350 заңсыз қоқыс үйіндісі бар. Бүгінгі күні бұлардың санын азайту жұмыстары жүргізілуде.

 

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында заңсыз қаруды сатып алуға 3 млн теңге бөлінген

  Облыс көлемінде заңсыз тіркеуде жоқ қару-жарақтарды ақшалай сатып алу акциясы өз мәресіне жетіп, қаражат толығымен игерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының
News

Алматы облысында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы екпе жұмыстар жүйелі жүргізілуде

  Алматы облысында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков айты. Спикердің айтуынша, жыл басынан 414 114 бас
News

«Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі жалғасын тапты

Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері, жергілікті тұрғындар, мемлекеттік органдар мен жергілікті мәслихат депутаттары шақырылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріндегі табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың өкілдері
News

Алматы облысында Қапшағай жағалауы қоқыстан тазартылды

Оған «AMANAT» партиясының 50-ге жуық мүшелері мен жастар қанаты және еріктілер қатысты. Бұдан бөлек, партиялықтар тарихи-мәдени ескерткіштерінің аумағын тазарту және абаттандыруға жұмылды. Мәселен, Жамбыл ауданы Қарасу ауылында 70-ке жуық азамат
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *