Жетісу облысыҚоғам

«Сот кабинеті» – ҚР  Соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында  Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Оған спикер болып департамент басшысы Болат Джукенов қатысты.

«Сот әкімшілігінің  басым  мақсаты  – сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау. Бүгінде департамент  тарапына  кіріс  құжаттары бойынша 54 743 іс түскен, оның ішінде мемлекет тілде 29 181, ал шығыс құжаттары мемлекеттік тілде 40 845, ішкі құжаттар бойынша  3817 іс түсті», — дейді спикер.

Департамент басшысы өз сөзінде соттың электрондық сервисіне қол жеткізудің тәсілін де атап өтті. «Сот кабинеті» қызметі арқылы – кез келген жеке немесе заңды тұлға осы сервистің көмегімен талап қоюмен жүгіне алады, сот процесінің белгіленген күнін біле алады немесе үйден шықпай-ақ, сот актісін ала алады. Мәселен, бірінші жартыжылдықта «Сот кабинеті» сервисі арқылы 6656-дан астам талап қоюлар келіп түскен.

Департаменттің қазіргі уақытта толымдылығы 88 пайыз. Өңірде судьялар мен сот Әкімшілігінің штат саны 264, судьялардың  саны – 75. Оның ішінде облыстық сот судьяларының саны – 15, аудандық соттардағы судьяларының саны  –  60, мемлекеттік  қызметшілердің саны – 189, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметкерлері – 145 бірлік.

Оған қоса, спикер мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған Жоғарғы оқу орындарындағы түлектер кем дегенде 3,33 GPA оқу нәтижесімен конкурстан  тыс  аудандық соттарда басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алатынын атап өтті. Сондай-ақ, заң қоғамдастығының өкілдері Сот әкімшілігі департаментінің персоналды басқару бөлімі арқылы судья лауазымына конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін алып, құжаттар тапсыра алатынын қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

 

 

 

 

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып
Жетісу облысы

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды
Қоғам

Алматы облыстық жастар ресурстық орталығына бөлім басшысы тағайындалды

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының «Жастар бастамаларын дамыту және NEET тобымен жұмыс» бөлімінің басшысы тағайындалды. Енді бұл қызметті Жұмахан Дидар Айдарұлы атқарады. Мамандығы – заңгер. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
Жаңалықтар

Түрмелер «есірткі таратушыларға» толы

Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Эмиль Шарменев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. «Неліктен біз жас буын қалташыларды түрмеден босатқымыз келеді? Өйткені олар
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *