News

Шетелде емделуге кім құқылы?

МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады. Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде қарастырылады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы филиалының директоры мәлімдеді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Алматы облысында 1 млн 200 мыңнан астам тұрғын сақтандыру мәртебесіне ие. Олардың 70-пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады.

«Талапқа сәйкес, науқасты шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы шешім бейінді мамандардың қорытындылары негізінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде қабылданады. Квота алу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымына немесе облыстың, қаланың денсаулық сақтау басқармасына жүгіну қажет. Аурулар тізімі арасында миға радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін ісіктер, көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар), кератопротездеу, көмейдің стенозы, кеңірдек стенозы сияқты сынды күрделі емдер бар», — дейді қор өкілі Тілеухан Шілдебайұлы.

Қор өкілі МӘМС тізбесінде медициналық көмек «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Яғни, ондай тұрғындар МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне пайдалана алады дейді. Ол азаматтың төлеп отырған жарнаның мөлшеріне қарамайтынын айтады. Еске сала кетейік, бұған дейін созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан қарасайлық тұрғын 9 млн теңгенің отасын МӘМС есебінен тегін жасатқан еді. Дәл ондай күрделі әрі қымбат оталар сол өңірде жыл басынан 500 дей өткізіліпті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

News

Бұрыс дерек ұсынған респонденттер жауапкершілікке тартылмақ – Бағлан Қарғұлов

  Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұловтың айтуынша, өзгертулер статитикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған.
News

Алматы облысының әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімдігіндегі алқалы жиында Алматы облысындағы соңғы жаңалықтар мен алдағы жоспар кеңінен талқыланды. Өңір басшысы туризм,  ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік сынды  түрлі салаларды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қолға алынған
News

Алакөлде «Мерейлі отбасы» жеңімпаздары дауыс берді

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары Аликеевтер отбасы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылы №64 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс беріп, өз белсенділігін танытты. Әулеттің үлкені Рабиға Аликеева саяси шараға ел болып атсалысу
News

Алматы облысында көпбалалы ана үшем босанды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Көпбалалы ана үшем босатынын естіген сәттен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің ерекше бақылауына алынды. 30 апталық мерзіміне жеткенде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *