News

Балалар арасында көз аурулары жиілеген

Қазақстанда жыл сайын көру қабілеті нашар азаматтар қатары көбеюде. Статистикалық дерек бойынша елде 80 мың зағип жан бар. Оның 4 мыңы балалар. Қонаевтық офтальмолог – дәрігер, Жанар Картекова қазір көруі қабілеті бұзылған балалардың көп екенін айтады. Ғұмырының 40 жылын медицинаға арнаған дәрігер мыңдаған адамның емделуіне себепкер болған.

Дәрігердің айтуынша, қазірде тұрғындар арасында жиі жолығатын ауру түрі — көз бұршағының бұлыңғырлануы, көздің үдемелі ауруы катаракта. Суқараңғы да айтарлықтай көбейген. Бұл – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы. Алғашқы үштік қатарына астигматизм, яғни көз рефракциясының бұзылуы кіреді. Бұл дегеніміз көздің анық көрмеуі. Жеңіл түрде көрудің қиындауы немесе бас ауруымен байқауға болады. Жалпы айтқанда, мұндай аурулар туа біте немесе жүре келе пайда болады.

«Ең бастысы, көз ауруларынан сақтанудың жолы – қозғалыс. Мен әрдайым науқастарға көз мәдениетін сақтауды ескертемін. Қазірде гаджеттердің дамыған заманында экранның алдында уақыт өткізуді тежеу керек. Таймерді қолдануға кеңес беремін. Белгілі бір уақыттан кейін үзіліс өте маңызды. Көзді демалтып, денеге, көзге физикалық жаттығу, гимнастика, массаж жасау қажет. Бастысы, мидың қанайналымын жақсарту керек», — дейді дәрігер.

Көз жанарының нашарлауын күтпеу керек. Офтальмолог-дәрігер осылай деп дабыл қағады. Әр 6 ай сайын дәрігер қабылдауына жазылып, қажетті тексеруден өту маңызды. Әсіресе, 40 жастан асқан тұрғындарға кеңес беріледі. Өйткені, бұл — жасқа байланысты белең алатын ауру. Демек, адам қартайған сайын көру қабілеті нашарлайды. Қант диабеті, ревматизм, жүйелік және қабыну сынды дерттері бар науқастарда жиі кездеседі. Бастысы науқасқа — МӘМС-те сақтандыру мәртебесі болуы керек.

«Бізде ем бойынша ешқандай қиындық жоқ. Ота қажет болған кезде, көз институты, облыстық ауруханаға, мұнымен қоса өзге де жеке клиникаларда жолдамамен жіберіледі. Онда барлық қажетті қосымша зерттеулердің барлығы отамен бірге тегін МӘМС есебінен жүргізіледі», — дейді Жанар Канушковна.

Қонаевта көзді диагностика және емдеудің заманауи әдістері қарастырылған. Жыл сайын жаңа құрылғылар сатып алынады. Көз өткірлігін анықтауға арналған визометрия, көзішілік қысымды өлшейтін тонометрия бар. Мұнымен қоса, торлы қабықтың талдау нәтижесі, көру проблемаларын өлшеуде қолданылатын рефрактометрия аппараты бар. Балалар үшін синоптофор да алынды. Емдеуші дәрігерлер бұл құрылғылар ауруханада көз ауруларын диагностикалау кезінде тиімді емдеу курсын құру және әртүрлі процедураларды тағайындауда үлкен көмек екенін айтады.

Арайлым Мырзабекова

 

 

 

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысының өнерпаздары Беларусь елінен жүлдемен оралды

7-9 маусым аралығында Витебск облысы, Поставы қаласында «Звіняць цымбалы і гармонік» халықаралық фестивалі өтті. Аталмыш шараға Қазақстан, Грузия, Россия, Литва, Беларусь мемлекеттерінің өнерпаздары қатысты. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы қазақ
News

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз 1536 жағдай тіркеліп, оның 1176 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 51 552 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 5732, 2-4 жастағы бала – 32 541, медициналық
News

Алматы облысында Ауыл Аманаты бағдарламасына 1500-ға жуық өтініш келіп түскен

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 720-дан астам адамға шағын несие берілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қонаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Диас
News

Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Сейтбекқызы биылғы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады. 2024 жылдың басынан бері 325 тарифтік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *