News

Қарасайда науқастың жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды

64 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында азамат инсульт алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Жүрек соғысының бұзылуы анықталып, дәрігерлер кеңесінен кейін ота жасау туралы шешім қабылданыпты.

«Науқаста жүректің соғысы күндіз 150-160-қа дейін барып, ал түнгі уақытта 25-ке дейін түсті. Сол себептен біз күрделі отаға кірісіп, электрокардиостимулятор құрылғысын орнаттық. Қазіргі таңда азаматтың жағдайы жақсы. Жалпы, ауданда кардиология бөлімі 2022 жылдан бері толық жұмыс істейді. Мұндай оталарды жүргізу үшін мекеме ангиограф аппараты сынды қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл біздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері жеткен үлкен жетістіктеріміздің бірі», — дейді кардиолог-дәрігер Орынбасар Тайманұлы.

Айта кетерлігі, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасына 284 мыңнан астам адам тіркелген. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Төсек-орын саны 500-ден асады. Былтыр барлық органдар мен тіндерге арналған бағдарламалық жасақтамасы бар соңғы үлгідегі миллиард теңге тұратын МРТ аппараты орнатылған. Бұл өзге ірі қалаларға жолдамамен жіберілетін тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды. Енді мұндай зерттеу аудан орталығында қолжетімді.

«Жыл басынан 26 мыңға жуық науқасты емдедік. Хирургиялық араласулар мен медициналық қызметтердің жаңа түрлері енгізілді. Олардың қатарында коронарография, коронарлық артерияларды стенттеу, электрокардиостимулятор орнату, жамбас буынын, тізе буынын протездеу, артроскопиялық операциялар,миға, омыртқаға нейрохирургиялық операциялар, гемодиализ, лапароскопиялық операциялар бар. Сонымен қатар, тромбэктомиялар, перифериялық тамырларға операциялар спектрі кеңейді», — дейді Қарасай аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Дәулет Ерболұлы.

Денсаулық сақтау жүйесінің дами түсуі халықтың сапалы қызмет алуға жол ашты. Өз кезегінде оң нәтижеге қол жете бастады. Көрсеткішке сүйенсек, нәресте өлімі азайып, қан айналымы жүйесі аурулары, жарақаттардан болатын өлім-жітім статистикасы да төмендеп отыр. Айта кетерлігі, Қарасайдың шалғай ауылдарында тұрғындар үшін медицина қолжетімділігі жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл Абай және Үштерек ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Алда қолданысқа беріліп, ел игілігіне қызмет етеді деп күтілуде. Бұл ғана емес, келер жылы Қайнар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, қазынадан қаражат қарастырылып жатыр. Көлащы, Шалқар, Бекболат, Ұлан, Бұлақты ауылдарының азаматтары үшін де қуаныш күндері алыс емес. Алда аталған елдімекендерде мединалық нысандар ашылады деп күтілуде.

 

ӘМСҚ Алматы облысы филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

News

Жетісудағы фермерлерге жаңа қолдау шаралары ұсынылды

Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және
News

Елмен бірге дауыс берді

№349 референдум учаскесіне басқалармен қатар қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Е. Семенов келіп, таңдау жасады.  Мүмкіндігі шектеулі бола тұра спорттық шаралардан қалыс қалмайтын азамат қала тұрғындарын белсенділік танытып, саяси науқаннан
News

Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда. Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды.
News

Жетісу облысы: қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1085 жағдай тіркеліп, оның 764 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 53,9%. Айта кетерлігі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *