News

Алматы облысында 1700-ден астам жас әскерге шақырылады

 

Бұл туралы Алматы облысының Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары полковник Дулат Акишев пен Қонаев қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру бөлімінің бастығы капитан Жамиля Бұхарбаева баспасөз мәслихатында хабарлады.

Полковник Дулат Акишевтің мәлімдеуінше, ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес, күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айында басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Осы кезеңде Алматы облысынан 18-27 жас аралығындағы 1 771 жас сарбаз мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың 850-ден астамы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет етсе, қалған 921 азамат Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдерінде қызмет атқарады.

Әскер жасындағы ер азаматтарға дербес шақыру қағаздары жолданады. Құжат SMS-хабарламалар арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығынан жіберіліп, жеке шақыртулар олардың мекенжайларына жеткізіледі.

Шақырылу процесі жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. Азаматтардың істі болмауы, денсаулығының жарамдылығы, психологтың ұсынысы және кәсіби білімі ескеріледі.

Биылғы жылдың жаңалығы – әскери қызметшілерге арналған несиелік демалыс мүмкіндігі. Әскери қызмет барысында және одан кейінгі екі ай ішінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 1 млрд 828 млн теңге көлемінде несиелік демалысқа ие болып отыр.

Қызметін аяқтаған сарбаздарға білім беру саласында да айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған.
«Олар жоғары оқу орындарына түсуге басымдыққа ие болып, жатақханадан орын алуға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда 1,5 мыңнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін оқуға қабылданып, тағы 700-ден астамы ақылы негізде оқуға түсті», – деп қосты полковник Акишев.

Сонымен қатар, көктемде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыруда, – деп қорытындылады спикер.

Shares:

Related Posts

News

Алматыда кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында қоғамдық тыңдау өтті

Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен Алматы жастарының кітап оқу белсенділігін арттыру «BOOKVIBE» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Іс шараға Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «RESPUBLICA» партиясының мүшесі- Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы және блогер,
News

МӘМС:Созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек алады?

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек ала алатынын мәлімдеді. Айтуларынша, созылмалы аурулар бойынша медициналық көмек алу үшін науқастың диагнозы қойылуы керек. Медициналық
News

Алматы облысында жақ-бет хирургтері МӘМС есебінен бет остеосинтезі отасын жүргізді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 1980 жылы туған ер адам маңдай облысының ауыруы, бас айналуы және қатты бас ауруы туралы шағымдармен жүгінді. Науқастың айтуы бойынша, ол құлап, басын
News

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі  лауазымына тағайындалды. Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *