News

Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС туралы ақпарат берді

Алматы облыстық Халықтық штабы Есік қалалық гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарға атом электр станциясы салу туралы ақпарат беру және энергетика саласындағы қазіргі жағдайды талқылау болды.

Өңірлік Халықтық штаб мүшесі Бағдат Рахимов АЭС салудың елдің энергетикалық саласына ықпалы туралы баяндады.

«Қазіргі таңда еліміздегі электр энергиясының шамамен 70%-ы көмірден алынады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард кВт/сағатқа жетуі мүмкін, ал қолданыстағы станциялар бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмауы ықтимал. Бұл жағдай еліміз үшін қосымша энергетикалық шешімдерді қарастыру қажеттілігін туғызады», – деді Бағдат Рахимов.

Фото: Алматы облыстық Халықтық штабтың баспасөз қызметі

Кездесуде АЭС құрылысының технологиялық ерекшеліктері мен қауіпсіздік шаралары талқыланды. Халықаралық стандарттарға сай III және III+ буын реакторларының қолданылуы, олардың қауіпсіздік жүйелері және апаттардың алдын алуға арналған технологиялары туралы түсіндірілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, реакторлардың жұмыс принциптері және қауіпсіздік талаптары жан-жақты қаралды.

Халықтық штабтың тағы бір мүшесі Гүлнар Құраметова АЭС салу жобасының экономикалық және әлеуметтік әсерлері туралы ой бөлісті.

«АЭС салу жобасы еліміздің энергетика саласына жаңа технологияларды енгізуді талап етеді және бұл жобаның елдің энергетикалық балансына әсері маңызды болмақ. 6 қазан күні өтетін Республикалық референдумда бұл мәселе қоғамның назарына ұсынылады», – деп атап өтті Гүлнар Құраметова.

Фото: Алматы облыстық Халықтық штабтың баспасөз қызметі

Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар АЭС құрылысына қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Жастар энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, АЭС салудың әлеуетті әсерлерін түсінді.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысы бойынша 400 ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың
News

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60
News

«Қонаев» ӘКК» АҚ: Әлеуметтік тауар бағасы қадағалауда

Алматы облысында 7 әлеуметтік нысан ашылады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Қонаев» ӘКК» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мұқашеваның ақпаратынша, өңірде тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін Үкімет резервінен 958 миллион
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *