News

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

 

Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 23%-ға азайған. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алған. Биыл 305 оқиға тіркеліп, 11 адам қаза тапқан. Өрттердің негізгі себептері: электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, тұрмыстық техникаларды қолданудағы қателіктер және пештерді орнату мен пайдалану кезіндегі бұзушылықтар.

Департамент өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды алдын алу шараларын жүргізуде. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылып, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында 3743 үйге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 459 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталып, оның 409-ы сол жерде жойылды.

Жылыту маусымында 855 үйге 664 көміртегі тотығын анықтайтын датчик пен 191 түтін детекторы орнату жоспарланған.

«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алдын алу шараларын күшейтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырудамыз,» – деді Самат Кенжехан.

Жылыту маусымы кезінде тұрғындар пештер мен түтін мұржаларын үнемі тазалап, техникалық жағдайын тексеріп отыруы тиіс деп қорытындылады спикер.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысы Қазақстандағы құрылыс материалдарының жалпы республикалық өндірісінде жетекші орынға ие

Статистикаға сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында гипсокартон өндірісінің үлесі 80,4%-ын құрады, ал сэндвич-панельдер ел бойынша жалпы көлемнің 42,5%-ын құрады. Бұл деректер Алматы облысының Қазақстандағы құрылыс материалдарының бас өндірушісі ретіндегі
News

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі
News

Алматы облысының 300-ден астам саяжай массиві елді мекенге қосылады

Саяжай алқабының аумағын жақын маңдағы елді мекендердің шекарасына енгізе отырып, бас жоспарларды түзету бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат
News

Қарасайлық дәрігерлер ауыр диагнозбен түскен науқасты құтқарды

Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1953 жылғы әйел ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер қажетті сараптамадан кейін 70 жастағы науқасқа В вирусты гепатиті дамып, бауыр циррозына әкелгенін анықтаған. Портальды
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *