News

Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

 

Өңірде ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айдана Жексенбай мәлімдеді.

Лейла Серікбаеваның айтуынша, облыста 305 екпе кабинеті мен 505 төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта ЖРВИ-дің 494 жағдайы тіркеліп, оның 7-еуі стационарда, ал 479 адам амбулаториялық деңгейде ем алуда. Жүкті әйелдер арасында 33 жағдай анықталып, оның 20-сы стационарда емделуде.

Сонымен қатар, коронавирус 2023 жылы аурушандық 2022 жылмен салыстырғанда 49 есе төмендеген. Биыл COVID-19-дың тек 4 жағдайы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 38 есе азайғаны байқалады.

Спикерлердің айтуынша, маусымдық аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Өңірде 163 000 адамға екпе салу жоспарланған. Вакцинацияға жататын топтарға балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар азаматтар және қарттар кіреді. Вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері 8-12 күннен кейін байқалып, 12 айға дейін сақталады.

«ЖРВИ мен тұмаудан сақтану үшін қарапайым шараларды сақтау маңызды: адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, қолды жиі жуып, маска тағу қажет», – деп атап өтті Айдана Жексенбай.

Shares:

Related Posts

News

Дәрігерге аяғын кесіп тастауды өтінген науқас аман қалды

Бүгінгі күні анаэробты инфекция емі хирургияда ерекше орын алады. Бұл диагноздың ерекше ауырлығымен, іріңді некрозбен асқынуымен, жұмсақ тіндердің үлкен аумақтарына таралуымен байланысты. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігері Асхат Наймасов өте
News

Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары Наурыз мерекесінен не күтеді?

  Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы ауқымды мерекелер өтеді деп күтілуде. Мерекелік бағдарламада концерттер мен көрмелерден жәрмеңкелер мен спорттық жарыстарға дейін 700 түрлі іс-шаралар жоспарланған. Өңір тұрғындары мен қонақтары
News

Ғылымның болашағы: IESO 2025-те Ақжол Болат!

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат IESO - 2025 халықаралық олимпиадасына финалдық іріктеу турының жеңімпазы атанды! Биыл халықаралық олимпиада Қытай мемлекетінде өтетін болады. IESO (International Earth Science Olympiad)
News

Жайлы мектеп: Алматы облысында 26 білім ошағы салынып жатыр

Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты. Оқушы орындарының тапшылығы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *