News

Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

 

Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов баспасөз мәслихатында баяндады.

Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы шаралар жыл басынан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл облыс аумағындағы 1404 жолға тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою үшін жол жөндеу мекемелеріне тиісті нұсқамалар жіберілген.

“Тексеру нәтижесінде 272 мекеме мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды,”– деді Еркебұлан Ахметов.

Жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Облыс жолдарында 4252 жаңа жол белгісі орнатылып, 16 бағдаршам іске қосылған. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне де ерекше көңіл бөлініп, 12 өткелге жарықшамдар орнатылып, қосымша жасанды кедергілер жасалған.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің маңындағы жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалмаған. Жаңа оқу жылы қарсаңында 476 мектеп пен 1161 мектепке дейінгі мекеменің маңындағы жолдар тексеріліп, олардың жағдайы жақсартылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында 300 су қойма штаттық режимде жұмыс жасап тұр

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Көктем келе қызыл судың қатерінен сақтану әдетке айналған. Қазіргі таңда жауаптылар су қоймаларына жүйелі түрде бақылау жүргізу үстінде. Штаттық
News

Мектептерде қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жыл басынан аудандық, қалалық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, барлығынан бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.
News

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық
News

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында – 218 жағдай тіркелді, 2024 жылғы қаңтарда – 131. Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *