News

2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

 

Шомылу маусымында Алматы облысында судағы қауіпсіздік шараларының нәтижелері айтарлықтай жақсарды. Өңірдегі су айдындарында адамдардың қаза болуын азайту мақсатында кең ауқымды жұмыстар атқарылып, бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, аға лейтенант Дидар Асқарбекұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы маусымда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында»Су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының жоспары» қабылданып, тәулік бойы бақылау және арнайы рейдтер ұйымдастырылды. Құтқару қызметтеріне волонтерлер мен әскери бөлімшелер де белсене қатысқан.

2024 жылғы шомылу маусымында суға батып қаза болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайды. Биыл 14 адам суға батса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 18 адамды құраған еді. Ерекше қуантарлық жайт – биыл балалардың суға бату оқиғалары тіркелмеген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шомылуға рұқсат етілген орындардың саны да едәуір артты. 2023 жылы тек 7 орын рұқсат етілсе, биыл олардың саны 103-ке жетті. Оның ішінде 7 коммуналдық және 96 жеке жағажай қызмет көрсетуде.

Дидар Асқарбекұлының айтуынша,адамдардың суда қаза болуының басты себептері – алкогольдік ішімдіктерді қолдану және түнгі уақытта шомылу. Бұл екі фактор шомылушылардың өміріне елеулі қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, жағажай аймақтарын бақылау кезінде дрондарды пайдалану өз тиімділігін дәлелдегені атап өтілді.
«Дрон бірнеше шақырым жағалауды бақылауға мүмкіндік береді, бұл бір адамның немесе құтқару командасының қолынан келмейтін жұмыс. Бұл өте жақсы тәжірибе, және біз оны одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз. Дрондардың санын көбейтіп, олардың ұшуын аэронавигациялық қызметтермен келісу процесін оңтайландыруды көздеп отырмыз,»– деді Дидар Асқарбекұлы.

Сондай-ақ, құтқару қызметтерін жетілдіру мақсатында жаңа құтқару стансасы мен 4 мобильді құтқару бекеті салынып, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар облыстық орталықты дамыту жоспары аясында жүзеге асырылмақ.

Shares:

Related Posts

News

Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?    

Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты
News

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

Ашықтық - мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық
News

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60
News

ТЫЛ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум ресми түрде басталды. Қаратал ауданы, Қаражиде ауылының тұрғыны, 88 жастағы тыл ардагері Жансерік Ахметов Елтай орта мектебіндегі №153 участокқа барып, референдумға дауыс берді. –
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *