Жетісу облысыҚоғам

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады.

Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

«Еліміздің өсіп-өркендеу жолындағы маңызы зор таңдау болғандықтан, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып жүрген әжелер ансамблі қолдау танытайық, жастарға батамызды берейік, мерекелік көңіл-күй сыйлайық деп дауыс беру учаскелерін аралап жүрміз. Өзіміз де елімізге, жерімізге жанашыр азамат ретінде даусымызды бердік. Халықтың көңіл-күйі тамаша. Жерлестерімнің азаматтық белсенділік танытып, мемлекетіміздің келешегі үшін үлестерін қосып жатқанына ризамын», – деді «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын  Бектұрова.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Туған күн иесі жүзінші дауыс беруші атанды

Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді. Өмірінің
Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама
Қоғам

Жетісу облысында Балалар үйі білімгерлері «Өзіңе сен» атты әлеуметтік жобаға қатысты

Жетісу облысында 2023 жылғы шілде мен қараша аралығында "Айналайын" балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" атты жоба іске асырылды. Басты мақсат - орталық қызметін ұйымдастыру, балалар үйінің
Жетісу облысы

ҚАБАНБАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *