Жетісу облысыҚоғам

ТҰҢҒЫШ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады.


Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді.

Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді.

«Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін  келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Барша қала халқын референдумнан қалыс қалмауға шақырамын»,- деді чемпион.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары

Бүгін «Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Белгілі болғандай, 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен маусымның жеңімпазы Жетісу облысының командасы атанды. «Асыл домбыра» жобасы
Қоғам

«Өз бизнесіңді баста»! Бұрын сотты болған жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

Биылғы жылдың шілде айында Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры «Түрмеден босатылғандармен жұмыс орталығын ұйымдастыру» жобасын іске қосты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға
Жетісу облысы

Жетісуда қар басатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жетісу облысында ұзындығы 197 шақырым болатын 12 қар басатын учаске бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда – 2, облыстық жолдарда – 10 учаске орналасқан. Жол желісінің бір бөлігі Архарлы
Жетісу облысы

Жетісу облысында құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Саят Қараласов жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынғанын атап өтті. Қазіргі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *