Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысы бойынша 463  дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі және оны арнайы құрылған комиссия ұйымдастырады.

Дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс беруге құқылы. Дауыс беру бюллетендері қазақ және орыс тілдерінде басылады. Референдумда азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беруі керек. Жауаптың екі нұсқасы бар: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жалпы облыс бойынша 442 429 дауыс беруші тіркелген.

Референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда
Жаңалықтар

Отбасы банк Жұмысшы мамандықтар жылында еңбеккерлерді қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, олардың экономикадағы маңыздылығын атап өтті. Еңбек адамдарына қолдау көрсету мақсатында Отбасы банк 2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Наурыз Жұмыскер»
Жетісу облысы

Референдумға самокатпен келді

Талдықорғандық жастар референдум күні белсенділік танытты. Олар өздернің сайлау учаскелеріне самокатпен келіп таңдауларын жасады. Жаңашылдыққа жаны жақын жастардың бұл әрекеті көпті қызықтырды. –    Бүгін еліміз үшін маңызды күн. АЭС-тің салынуына
News

101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады. Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді. – Еліміздегі саяси науқаннан
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *