NewsЖетісу облысы

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам бүйрек, 4 адам бауыр және 2 адам жүрек трансплатациясын қажет етуде.

«Трансплантацияға көрсеткіштер болған жағдайда тиісті комиссияға жіберу туралы шешім қабылдау үшін учаскелік немесе отбасылық дәрігерге тіркелген жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына хабарласу қажет», — дейді Жетісу облыстық аурухана директорының орынбасары Ғалым Елибаев.

Бүгінде көптеген адамдар кезегі жетпей өмірден өтуде. Жыл сайын шет елдерде өмірден өткен жүздеген  адам мыңдаған азаматтың өмірін сақтап донор болады. Осыған байланысты мамандар азаматтарды қайтыс болғаннан кейінгі донорлық бастамасын қолдауға шақырады. Қайтыс болғаннан кейін бір донор  шамамен  7 адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков тарқатты. Оның сөзінше, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде
Жетісу облысы

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша,
Жетісу облысы

Жетісу облысында гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдау жобасы басталды

«Жетісу өңірінің ауылдық аймақтарында гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдауды күшейту» атты әлеуметтік жоба өз мәресіне жетті. Аталған жоба «Zhetysu Global» қоғамдық қоры тарапынан, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен
News

Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Апаттар мен оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан орын алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *