Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында адам папиллома вирусына қарсы екпе жүріп жатыр

Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінен қорғауға бағытталған. Осындай мәліметпен Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.
Қазіргі уақытта өңірге вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы келді. Оның 6000-ы қоймаға түсіп, қажетті мөлшерде аудандарға таратылды. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, АПВ қарсы екпе 11-13 жас аралығындағы қыздарға жүргізіледі. Бүгінде екпемен 1994 қыз қамтылды.
Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың қалауы бойынша екпе тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.
АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінгі таңда бұл вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады, соның арқасында бірқатар елде әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінгі күні 90%-ға төмендеді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады

Жетісу өңірінде қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өтті. Бүгінде облыста бұл сырқатқа шалдыққандар саны 593 адам. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Жетісу облысы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына Жетісу өңірінің 203 мыңға жуық баланы тіркеді

Еліміздегі барлық балалардың есепшотына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы жинақтары түсті. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 миллион 920 мыңға жуық. Оның ішінде Жетісу облысында 2023 жылдың 31
Жаңалықтар

Биыл мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталмақ

Жетісу облысында халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында мемлекеттік саясат табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы толығырақ Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Жетісу облысы

Жетісу облысының азаматтары былтыр 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

2005 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *