News

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында көшелерді тазалау, Мемлекеттік гимнді орындау, патриоттық бағытта челлендждер өткізу секілді іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар, еңбегімен елге танылған азаматтар марапатталып, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың мерекелік құттықтаулары да жоспарланған.

«Барлығы 177 мерекелік іс-шара өткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде тақырыптық көрмелер, әдеби-танымдық сағаттар, концерттер, спорттық жарыстар және халықтық серуендер бар. Туған елдің мәртебесін көтеру мақсатында арнайы челлендждер ұйымдастырылады», – деп атап өтті Данияр Алиев.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында облыс аумағында жаңа мәдениет нысандары ашылады. Атап айтқанда, Райымбек ауданындағы Жамбыл және Кеген ауданындағы Қарқара мәдениет үйлерінің ашылу салтанаттары өтеді деп жоспарлануда.

24 қазан күні Қонаев қаласындағы Жеңіс саябағында Ауған соғысының ардагерлеріне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтеді. Ал сол күні түстен кейін Қонаев қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен салтанатты жиын өткізіліп, мемлекеттік марапаттар табысталады. Мерекелік концертте танымал өнер жұлдыздары мен облыстың дарынды өнерпаздары өнер көрсетеді.

25 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимн орындалады. Бұл шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысады.

Shares:

Related Posts

News

Оқу — айналамыздағы әлемді түсінудің кілті: NIS оқушылары классиктердің шығармаларын талқылады

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашылары «NIS бірге оқиық» жобасы аясында белгілі қазақ жазушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» және Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» шығармаларына арналған іс-шара ұйымдастырды. 7 және 8
News

Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

Көшірмеге 99 сібір жарасының ошақтары енгізілді,бұл туралы ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті көрсету бөлімінің басшысы Гүлназ Төлеубекқызы баспасөз мәслихатында баянадады. Цифрлық көшірмеге ветеринария бойынша осы салада
News

Алматыда балаларға арналған «Кітап әлемі» экскурсиясы өтті

26 наурыз күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен«BookVibe» жобасының аясында «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 30-дан астам арнайы мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне, Алматы қаласы мәслихатының депутаты
News

NIS Қытайдың жетекші университетімен меморандумға қол қойды: түлектерге шәкіртақы беріледі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде. Жаңа серіктестер қатары Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шэньчжэнь қаласындағы Гонконг Қытай университетімен (CUHK-Shenzhen) толықты. Ынтымақтастық туралы меморандумға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *