Жаңалықтар

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады.

Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім мен жастар көмекке келген. Күн сайын орталыққа 5-10 жасөспірім әртүрлі мәселелермен келеді, олардың басты сұраныстары – ата-аналармен, құрбылармен қарым-қатынас, мамандық таңдау, сондай-ақ алаңдаушылықтар мен қорқыныштар. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдерге уақытында қолдау көрсету олардың болашақ өміріне деген сенімін нығайтады.

Орталық жасөспірімдерге психологиялық кеңес беруден бастап, суицидтің, ерте жүктіліктің, АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын қамтитын кешенді бағдарламаларды іске асырады.

«Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы ерекше назарда. Ұлдар мен қыздарға арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың жыныстық денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ, алкоголь, темекі және есірткі секілді зиянды заттарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде», – деді Диана Ришатовна.

Биылғы жылы Қонаев қаласында жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелмеген. Өткен жылы орын алған екі жағдай бойынша орталық мамандары уақтылы көмек көрсетіп, жастардың денсаулығын қалпына келтіруге қолдау білдірген.

Жастар денсаулық орталығы қазір қаладағы жасөспірімдер мен олардың ата-аналары үшін сенімді орталыққа айналған. Мұнда кәсіби мамандардың қамқорлығымен әр жасөспірім өз мәселелерін шешуге мүмкіндік алып, болашаққа сеніммен қарауға үйренеді деп қорытындылады спикер.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды

Алматы облысында жастарды жұмыспен қату деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді.
Жаңалықтар

Ардагерлермен кездесті

Ел тарихында азаттығымызды айшықтай түсетін ең қастерлі мереке 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне  орай Үшарал қаласында орналасқан Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, аудандық З. Қойшыбаева
Жаңалықтар

Алматы облысында ірі кәсіпорын қызметкерлеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

Тұрғындар «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне жүгіне алады. Ол азаматтың салып жатқан жарнаңыздың мөлшеріне қарамайды. Ол тіптен бірнеше миллион тұратын ота жасатуға мүмкіндігі бар.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *