Жаңалықтар

Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ.
80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілген бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың тартымдылығын арттыра түспек. Аталмыш жобаны жүзеге асыруды қолға алған «ASK Capital» компаниясы оның толықтай аяқталуын 2025-2026 жылдары күтіп отыр.

Сапалы туризмді дамытуға бағытталған жобаның аясында «Қара шатқал» аймағына қажетті инфрақұрылым, соның ішінде электр желілері де тартылатын болады. Қазіргі уақытта аймаққа 400 миллион теңге инвестиция салынған, алдағы үш жылда қосымша 500 миллион теңге көлемінде қаржы құю көзделіп отыр. Осы уақыт аралығында аймақта 30 заманауи үй, бірнеше сәнді коттедж бен үш мейрамхана бой көтермек.

«Экотуризмнің танымалдылығы артып келеді, сол себепті біз шатырлы қалашықтар мен хайтек стиліндегі үйлер тұрғызуды жоспарлаудамыз. Туристерге ыңғайлы әрі қызықты орындар дайындап, бұл аймақты ерекше демалыс орнына айналдырмақпыз», — деп атап өтті жобаның жетекшісі Сырым Көлбаев.

Жоба тек көпірмен шектелмей, қосымша 3,5 гектар аумақта балық аулау алаңын құруды да қамтиды. Мұнда туристерге арнап 2-3 күндік турлар ұйымдастырылып, су жағасына жақын демалыс орындары жасақталады.

Жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба Қазақстанның туристік инфрақұрылымына тың серпін берері сөзсіз. «ASK Capital» өкілі Манат Тағаевтың айтуынша, көпірге дыбыстық және визуалды эффектілер орнатылып, оның бетінде жарық және дыбыстық әсерлер көрсетілетін болады.

«Біздің шыны көпіріміз Қытайдағы белгілі нысанға ұқсас, бірақ Қазақстан үшін бірегей жоба. Көпірдің арғы бетінде туристерге арналған көңіл көтеру алаңдары, атпен серуендеу және квадроцикл аймақтары да қарастырылған. Жобаның толықтай іске асуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған»,-“ASK Capital” өкілі Манат Тағаев.

Алматы облысындағы бұл ерекше нысан табиғатқа етене жақын экотуризмді дамытып, елімізге туристер тартудың жаңа кезеңін бастамақ.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды

Алматы облысында жастарды жұмыспен қату деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді.
Жаңалықтар

Жақында «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба – «Алатау лигасының» алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі
Жаңалықтар

Реттеудің жаңа тетігі дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады, деп
Жаңалықтар

Биыл Жетісуда спортты дамытуға 21,8 млрд теңге бөлінеді

Жетісу облысында спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Өңірде дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған 1099 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы бұл салаға 21,8 млрд теңге бөліну жоспарланған. Облыста әртүрлі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *