Жетісу облысыМедицина

Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды

Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы  басшысының  орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.

Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Жұқпаның алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін екпе алудың маңызы зор.

Айта кетейік,  Жетісу облысы бойынша 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымының 40-43 апта аралығында ЖРВИ-дің  15 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде сырқаттанған 14 жасқа дейінгі балалар 66%. Ал зертханалық жолмен расталған тұмау жұқпаның 1 жағдайы ересектер арасында анықталды.

Мамандар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді іс-шара ретінде вакцинациялауды ұсынады. Тұмауға қарсы екпе алу әлі де жалғасуда.

Shares:

Related Posts

Медицина

МККБИ туралы не білеміз?

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (бұдан әрі-МККБИ) – бұл ауруханаға жатқызылған пациенттердегі негізгі ауруға қосылатын бактериялық, вирустық, паразиттік немесе саңырауқұлақ тектес кез келген жұқпалы ауру, сондай-ақ пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында
Жетісу облысы

Жетісу облысында онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді

Жетісу облысы 2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Оның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау шаралары жүргізілуде. Осы тұста өңірде «Тік ішек
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Жетісу облысы

При строительстве АЭС будут использованы новые технологии

Собравшиеся также обсудили инициативы главы государства, поднятые в Послании. В Алматы прошло заседание депутатской фракции партии AMANAT, передает Liter.kz со ссылкой на Astana.tv. Народные избранники сошлись во мнении, что при строительстве АЭС будут
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *