Жаңалықтар

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

Қазақстан азаматы есірткі затын дайындау кезінде ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

5 келіге жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында былтыр 6 мың гектардан астам орман алқабын өрт шалған

Өңірде ауа температурасының жоғарылауына байланысты өткен аптада ғана құрғақ шөп пен қамыстың өртеніп, 26 оқиға тіркелді.Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Самат Кенжеханұлы айтты.   Облыс
Жаңалықтар

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.   Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз
Жаңалықтар

Алматы облысында 2, 165 шақырым жылу желісі жөнделді

  Баға бағамы өзгеріп, жалақы өсіп, шикі заттың бағасының артуы коммуналдық қызметтердің тарифінің өзгеруіне ықпал етеді. Алматы облысында электр энергиясының құны 28,64 теңгеден 31,36 теңгеге өсті. Бұл жайында Қазақстан Республикасы
Жаңалықтар

Алматы облысында «AMANAT» партиясының үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Алматы облысында үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Іле аудандық филиалы жеңімпаз атанды. Енді олар республикалық кезеңге жолдама алды.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *