Жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Қытай инвесторларымен маңызды келісімге қол қойды

Алматы облысының әкімі қытайлық компаниялармен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады

Алматы облысының әкімі өңірге инвестиция тарту және экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін талқылау мақсатында қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «БЕНТ» ЖШС мен Shandong By New Material CO., LTD компаниясы арасында ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі болды.

«БЕНТ» ЖШС – Қазақстандағы темірбетон шпалдар мен рельс бекіткіштерін өндіру бойынша жетекші кәсіпорын. Кәсіпорынның негізгі серіктесі – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы. Жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіретін қытайлық Shandong By New Material CO., LTD компаниясымен жасалған келісім өңірде инновациялық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл әсіресе құрылыс саласы үшін маңызды қадам болмақ.

«Әкімнің қолдауының арқасында біз Алматы облысында инновациялық өнім – сұйық бетон өндіретін бірлескен кәсіпорын құру үшін ірі қытайлық инвесторды тарта алдық. Бұл материал құрылыс саласына арналған бірегей шешім болып табылады және инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде ирригациялық каналдарды салуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді», – деді «БЕНТ» ЖШС басшысы.

Фото: gov.kz

Shandong By New Material CO., LTD өкілдері де ұзақ мерзімді серіктестікке және қазақстандық бизнесті қолдауға мүдделі екендіктерін жеткізді. Олардың айтуынша, Алматы облысы өзінің тиімді географиялық орналасуы және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайларымен инвестиция құюға үлкен әлеуетке ие.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам және өңірде жаңа өнеркәсіптік және құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін берік негіз қалыптастырады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық
Жаңалықтар

Жетісу облысының қысқы туризмі таныстырылды

Жетісу облысында ерекше қысқы мүмкіндіктерді көрсетуге арналған ақпараттық пресс-тур ұйымдастырылды. Іс-шараға  БАҚ  өкілдері, блогерлер, туроператорлар мен турбизнес өкілдері қатысты. Ақпараттық тур аясында қатысушылар Текелі қаласы мен Ескелді ауданының қысқы туризмдегі
Жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет шок толқынды терапия қолданылды

Бұрын соңды болмаған. Қазақстанда алғаш рет медицинада шок толқынды терапия қолданылды. Бұл инфаркт пен инсульттің алдын алады, - дейді мамандар. Жаңа әдісті арнайы аппараттың көмегімен қытайлық дәрігерлер ота жасау арқылы
Жаңалықтар

Алматы облысында 2024 жылы 90 дәрігер жұмысқа орналасты

  2024 жылы Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 90 дәрігер жұмысқа орналасты. Облыста кадр тапшылығын төменту мақсатында жас мамандарды қызметтік тұрғын үймен және жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасы іске
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *