Жаңалықтар

Алматы облысында сапасыз өнімдерді сатуға шектеу қойылды

 

Жыл басынан сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 800-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Тұрғындардың құқықтық сауатының артуы мен өз мәселелерін шешуге деген белсенділігінің нәтижесінде 21 миллион 361 мың теңге көлемінде тұтынушыларға өтемақы қайтарылды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 68 пайызға жоғары.

Бұдан бөлек,департамент жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, 16 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде, бір іске 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде,яғни 110 760 теңге айыппұл салынды.

Департамент облыстық мәслихат өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, «Сапалы өнім» жобасын жүзеге асыруда. Жоба тұтынушыларға қауіпсіз және сапалы тауарларды қолжетімді етуді мақсат етеді.

«Біз тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру үшін белсенді жұмыс істеп келеміз. Егерде өнімдер қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайды, өндіруші кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту шаралары жалғаса береді», – деді Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрсұлтан Жұмәділ

Сонымен қатар, облыс бойынша «жасырын сатып алушы» әдісі арқылы азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын өнімдердің 15-тен 40-қа дейін үлгісі тіркеуден өткен зертханаларға жіберілді. Кейбір өнімдердің сапа стандарттарына сәйкес келмеуі анықталды. Бұл деректер сапасыз өнімдерді нарықтан шығаруға және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуде.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ

Қазіргі уақытта елімізде және бүкіл әлемде ЖРВИ-нің маусымдық өсуі байқалады. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрлері – риновирус, респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, коронавирус, тұмау және парагрипп, метапневмовирус. Елімізде орын
Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинағы жарық көрмек

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімінің қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинақ дайындалуда. Кітаптың 1000 данадан аса нұсқасын шығару жоспарлануда. Бұл
Жаңалықтар

Оқушыларға МӘМС жүйесі туралы кеңінен түсіндірілді

Медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *