Жаңалықтар

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау үшін іске қосылған жобалар жайлы баяндады.

«Antifraud-орталық» – Ұлттық банкі мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, биылғы 22 шілдеден бастап жұмысын бастаған жоба. Бұл орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары және байланыс операторларын бір жүйеге біріктіріп, алаяқтық әрекеттерді жылдам анықтап, бұғаттауға мүмкіндік береді.
Орталық іске қосылғалы бері облыс аумағында 200-ге жуық күдік тудырған әрекеттерге тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге қаржыларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде”,-деді полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а Нұржан Кеңесханұлы.

Жыл басынан бері облыста интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың 1136 дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520 интернет-ресурс бұғатталды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қайсаров 2025 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын жария етті. Есірткіге тәуелділерден
Жаңалықтар

Қызамық: жұқпалы вирустық ауру

Қызамық қалай беріледі? Қызамық тек адамнан адамға, ауа тамшылары арқылы беріледі. Мысалы, вирустар жөтелгенде немесе түшкіргенде ауаға кішкене тамшылармен бөлінеді және тыныс алу кезінде адамдардың жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарына
Жаңалықтар

Кербұлақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 млрд теңгеге жетті

Биыл Кербұлақ ауданына 23 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Кербұлақ ауданында 10 айының қорытындысы бойынша 3810 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Нәтижесінде 5565
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *