Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

 

Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды.
Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Тұмау Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қаласында өршіп тұр.

Жыл сайын облыста ЖРВИ-дің 500 мыңнан аса жағдайы тіркеледі.
Бас дәрігердің дерегінше, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 18%-ға төмендегенімен, биылғы тұмау маусымы ауыр болады деп болжануда.
«Биылғы тұмау вирусының А типі (H1N1 және H3N2) ауыр өтуде. Бұл жылдам таралып, асқыну қаупінің жоғары болатыны алаңдаушылық туғызады», – деп атап өтті Марат Исмаилов.

Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация. Алматы облысында вакцинациялау науқаны 15 қыркүйекте басталды. Қазіргі таңда өңір халқының 10%-ы вакцина алды.Оның ішінде 15 мың медицина қызметкері, 5 мыңнан астам жүкті әйел және 848 қарттар үйінің тұрғындары екпе салдырды .Облысқа «Гриппол плюс» вакцинасының 160 мың дозасы жеткізілді, аталған екпе толықтай пайдаланылды. Мамандар,екпенің күші бір жылға дейін жетеді дейді.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

День NU в Назарбаев Интеллектуальной школе Талдыкорган: Профориентация и Возможности для Будущего

В Назарбаев Интеллектуальной школе города Талдыкорган прошел День NU, который собрал более 200 учеников и их родителей на уникальное профориентационное мероприятие. В этом событии также приняли участие учащиеся общеобразовательных школ
Жаңалықтар

Қызылша және алдын алу шаралары

Қызылша (лат. morbillі) – жоғары жұқпалылық деңгейі бар жедел вирустық инфекциялық ауру, оның қоздырғышы – қызылша вирусы. Бұл ауру 40,5°C-қа дейінгіжоғарытемпературамен, ауызқуысы мен жоғарғытынысалужолдарыныңшырыштықабығыныңқабынуымен, конъюнктивитпен,денедегідақтытерібөртпесіменжәнеинтоксикацияменсипатталады. Жетісу облысы бойынша жыл басынан
Жаңалықтар

Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары

Бүгін «Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Белгілі болғандай, 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен маусымның жеңімпазы Жетісу облысының командасы атанды. «Асыл домбыра» жобасы
Жаңалықтар

Мамандандырылған тамақ өнімдері туралы не білуіңіз керек?

Соңғы жылдары адам денсаулығын жақсартуға бағытталған өнімдер сегментінің белсенді өсуі байқалды, олардың қатарына мамандандырылған тамақ өнімдері кіреді. Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мамандандырылған тамақ өнімдері – жекелеген заттардың немесе
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *